ВВР-К реакторындағы нейтрондармен сәулелендіру процессінде LI2TIO3 метатитанат литийден туындайтын тритийдің диффузиясы
Кілт сөздер:
термоядролық реактор, бланкет, тритидің туындауы, тритидің диффузиясы, литилі керамика, нейтрондық сәулелену, радиациалық ақауларАңдатпа
Метатитанат литийге айнымалы термиялық әсер бар кезде литий-6-ның нейтрондармен ядролық реакциясы нәтижесінде туындайтын тритийдің бөлінуін зерттейтін реакторлық тәжірибенің нәтижесін талдаудың математикалық және программалық қамтамасыз етілуі ұсынылды. Титанат литий гранулаларының тритийлі бридерде қолданылуға жарамдылығын бағалауға қажетті газбөлінуінің негізгі шамалары есептелінді: газбөлінуінің үлесі, тритийді материалда ұстауы, ұстау уақыты, Т+ -тің көлемдік диффузиясы және НТ термодесорбциясының белсенділік энергиясы, осыларға сәйкес келетін тәжірибе алдындағы күшейткіштер. Тритийдің диффузиялық коэффициенті реакторлық сәулелендірудің тек алғашқы 10 айында белсенді ұлғаятыны, осыдан кейін эффективті диффузия коэффициенті 1,3×10-7 см2/сек мәнінде тұрақтанып өзгермейді немесе өте әлсіз өзгеріске ұшырайды.
