Флуктуации начальных условий ядро-ядерного взаимодействия и их влияние на распределение вторичных частиц
Кілт сөздер:
кварк-глюонная плазма, геометрия столкновения ядер, метод фотоэммульсии, фрагментация ядраАңдатпа
Ядролық әрекеттестіктердің процестерінің динамикасы тек әрекеттесетін ядролардың энергиясы мен массасы ғана емес, сонымен қатар ядролардың соқтығысу геометриясымен анықталады. Жеке әрекеттестіктерде бастапқы шарттардың флуктуациясының ықпалын ескеру қозған адрондық жүйелердің әрекеттестігінде түпкі күйлердің шынайы динамикалық корреляциясын зерттеуге мүмкіндік береді. Тікелей тәжірибелік ақпараты өте төмен балатын бастанқы күйі франменттердің үлестірімінде және нөсер бөлшектердің көптігінде елеулі ерекшеліктерге әкеледі, оларды зерттеу соқтығысудың бастапқы шарттарының айырмашылығының негізінде нәтижелердің физикалық мағынасын түсіндіруге мүмкіндік береді. Ауыр иондардың фотоэмульсияның ядроларымен соқтығыстарында екінші реттік бөлшектердің үлістеріміндегі ерекшеліктерді әрекеттесетін ядролардың орталықтық дәрежесіне және ассиметрия дәрежесіне тәуелділікті зерттеу бастапқы энергиясы 10.7 AГэВ 197Au ядросының фотоэмульсия ядросымен әрекеттестігі кіретін тәжірибелік деректердің негізінде жүргізілді. Орталық (перифериялық) дәрежесі әртүрлі орталық және перифериялық оқиғфлар үшін әрекеттесетін ядролардың фрагменттену параметрлері берілді. Әрекеттесу процесінің ерекшелегін сипаттайын динамикалық флуктуациясы бар оқиғаларды және бастапқы шарттардың флуктуация мен байланысты және әрекеттестіктің орталықтық дәрежесіне тәуелдіоқиғаларды бөліп алу үшін нөсер бөлшектердің көптігінің нысана ядросының фрагменттерінің санына корреляциялық тәуелділік параметлері қолданылды. Мұнда, сонымен қатар, ядро-снарядтың көп зарядты фрагменттерінің мөлшерін және ядроөснарядтың әрекеттескен протондарының санын сипаттайтын бастапқы ядроның фрагменттерінің қосынды зарядының үлістірілімін ескеру қажет.
