Электронды аналогты құрылғылар сұлбасын Multisim ортасында модельдеу бойынша құрастырылған лабораториялық жұмыстардың артықшылығы мен кемшілігін тестілеу арқылы зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/rcph-2019-i2-17Ключевые слова:
виртуалды зертхана, MSпрограммасы, электронды сұлба, моделдеуАннотация
Ұсынылып отырған мақалада виртуалды зертханалық жұмыс пен стендте жасалатын зертханалық жұмыстың арасындағы айырмашылықтар қарастырылып, виртуалды зертханалық жұмыстың артықшылығы мен кемшілігі анықталды. Жұмыстың нәтижесінде үш зертханалық жұмыс құрастырылып, апробациядан өткізілді. Виртуалды жұмыстың артықшылығы мен кемшілігін талдау үшін екі фокусты топ алынып, сол топтағы студенттердің алған біліміне саралау жұмыстары жүргізілді. Виртуалды зертханалық жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалды. Кемшілігі студент істелінетін зертханалық жұмысты қолмен ұстап, көре алмайды. Артықшылықтары: студент жұмыс істеу барысында жұмысты аяғына дейін істеп үлгермесе, оны үйінде аяқтай алады, виртуалды программада істелінген жұмыс тез жасалады. Бұл программаны өзінің компьютерде қондырып қою көп жады қорын алмайды. Кабинетті стендтпен қамтамасыз ету виртуалды зертханадан едәуір қымбатқа түседі. Сонымен қатар, қосымша виртуалды жұмыс жасаған студенттердің білім деңгейі жоғарырақ көрсеткішке ие болды. Виртуалды зертханалық жұмыс жасаған топтың, жасамаған топтан білім деңгейінің жоғарлағаның бірнеше уақыт өткеннен кейін алынған тест нәтижелері көрсетті.Студенттердің білімін саралай келе зертханалық жұмыстың маңызын, білімін деңгейінің жоғарлағаны байқалады. Нәтижесінде зертханалық жұмыстың маңызы, білімің деңгейінің жоғарлағаны айқын білінеді.
