Криоматрицаны оқшаулау арқылы алынған CCl4 реконденсатының оптикалық қасиеттерін зерттеу.

Авторлар

  • E.S. Korshikov Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-9479-4192
  • G.B. Sapargalieva Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-8381-279X

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v77.i2.07

Кілт сөздер:

криоконденсат, ИК-спектр, реконденсат, подложка, аргон

Аңдатпа

Молекулалық қосылыстардың инфрақызыл спектроскопиясы Күн жүйесіндегі және одан тыс жерлерде төмен температуралы нысандарды зерттеудің өзекті әдісі болып табылады. Төмен температуралы, аморфты және кристалды фазалық күйлерді зерттеудің бүкіл бағыттары көптеген ғылыми еңбектерде ұсынылған. Ғарыш аппараттарын талдау барысында алынған нәтижелер мен оларды іске асырудың жердегі жағдайларда дайындалған модельдік қондырғы түрлері арасында пайдалы симбиоз бар екені белгілі. Бұл жұмыста CCl4 криоконденсаттарының оптикалық қасиеттері мен криоконденсатты оқшаулау әдісінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Матрицалық газ ретінде азот N2 пен аргон Ar (тазалығы 99,99%) пайдаланылды. Инфрақызыл зерттеу диапазонында олар оптикалық мөлдір матрицалық газ болып табылады. Оптикалық зерттеу диапазоны 400-4200 см-1, криоконденсаттардың өмір сүру қабылетінің температуралық аралығы Т = 16-120 К. Конденсация бетінен реконденсаттар үлгілерін термоциклдеу кезінде матрицалық газды сублимациялау процесіндегі CCl4 реконденсаттарының оптикалық сипаттамалары зерттелді. CCl4 криоконденсаттары үшін төмен температура диапазонында тұрақты құрылымдық күйдің болуы эксперименталды түрде анықталды және расталды. Бұл фактіні жоғары вакуумдағы салқындатылған беттерге соконденсациялау кезінде молекулалық қосылыстардың тұрақтануын зерттеуге арналған әдістемелерде қолдануға болады. Т = 16-80 К температура аралығында криоматрица ретінде CCl4 қолдануға болады.

Автор өмірбаяны

  • E.S. Korshikov, Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    Коршиков Евгений Сергеевич
    Старший преподаватель КазНУ им.аль-Фараби
    Кафедра теплофизики и технической физики

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-24

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience