СCР-Қ реакторында топаздардың түсін радиация арқылы өзгерту мүмкіндігін талдау
DOI:
10.26577/RCPh.2021.v79.i4.06Кілт сөздер:
реактор ВВР-К, топаз, облучательный канал, флюенс нейтронов, оптимизация, плотность потока нейтронов, энергетический спектр нейтронов, радиационные технологииАңдатпа
Қазіргі таңда радиациялық технологиялар өнеркәсіп пен медицинада және басқа да салаларда өте кеңінен қолданылуда. Жартылай асыл топаздарды радиация арқылы түсін өзгерту осындай технологияларды пайдаланудың жеке бір көрінісі болып табылады. Аталған технологияны қолдану нәтижесінде түссіз топаздар асыл түске енеді, ол экономикалық көз қарастан тиімді болып табылады. Ол үшін әртүрлі радиациялық сәулелерді қолдануға болады. Топаздардың радиация арқылы түсін өзгертуге нейтрондарды пайдаланған жағдайда, оларды сәулелендіру үшін оңтайлы шарттар жасау керек. Топаздарды сәулелендіру аймағында «қатты» спектр болуы керек. Ол түс өзгерту орталықтарын қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ олардағы қалдықты радиобелсенділікті төмендету үшін де қажет. Аталған жұмыста Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының ССР-Қ зерттеу реакторында топаздарды радиация арқылы түсін өзгерту технологиясын іске асыру мүмкіндігі бағаланды. Ол үшін ССР-Қ реакторының орталық және шеткі сәулелендіру каналдарындағы нейтрондардың энергетикалық таралуы анықталды. Осы деректердің негізінде нейтрондардың мақсатты флюенсіне (1018 см-2) қол жеткізу уақыты бағаланды. Топаздардағы қоспалардың радиобелсенділікке ие болуына жылы нейтрондар ағыны тығыздығының әсері көрсетілді. ССР-Қ реакторының стандартты сәулелендіру каналында топаздарды сынама сәулелендіруінің нәтижелері келтірілген. Жұмыстардың экономикалық тиімділігін жақсарту мақсатында ССР-Қ реакторында топаздарды сәулелендіру шарттарын оңтайландыру жолдары ұсынылды.
