ТҰРАҚТЫ ТОКТЫ СОЛҒЫН РАЗРЯД ҚОНДЫРҒЫСЫНДАҒЫ ТОЗАҢ БӨЛШЕКТІҢ ЗАРЯДТАЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Тозаң бөлшек зарядының радиал таралуын және зарядталу уақытын зерттеуінің нәтижелері келтірілген. Алынған нәтижелер страттарда түтікше осінен қашықтаған сайын тозаң бөлшектердің зарядының өсетіндігін білдіреді. Бөлшектің зарядталу уақыты негізінен бөлшекке келіп түскен иондар ағынымен анықталатыны көрсетілген.
