NaCl КРИСТАЛДАРЫНДА НАНОӨЛШЕМДІ АҚАУЛАРДЫҢ РАДИАЦИАЛЫҚ ТҮЗІЛУІ МЕН ТЕРМИЯЛЫҚ КУЙРЕУІ

Авторлар

  • A. Baimakhanuly Әл-Фараби атындағы КазҰУ

Аңдатпа

Бөлме температурасында ауыр Au иондарымен, a-бөлшектерімен, Х-сәулелерімен, сондай-ақ селективті түрде экситондар немесе «ыстық» электрон-кемтіктік жұптар тудыратын XeCl- және ArF-лазер сәулелерімен сәулелендіру және сұйық гелий температурасында электрондармен атқылау нәтижесінде, NaCl кристалдарында, пайда болатын радиациялық ақаулар қарастырылған. 6К температурасында өлшенген катод люминесценциясы мен іле-шала жүретін фосфоресценция спектрлерінде автолокализацияланған экситондар мен F-центрге жақын автолокализацияланған кемтіктердің,ондағы екі күйдегі электрондармен сәулелік туннельді рекомбинациялануына сәйкес келетін жолақтар анықталған. NaCl кристалында I- және H- интерстициалдарының секірмелі диффузиясының нәтижесінде сәйкес 15÷27К және 30÷45К температураларда термостимуляцияланған люминесценция пайда болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2008-10-28

Журналдың саны

Бөлім

Thermal Physics and Theoretical Thermal Engineering