Ірі масштабты құрылымдардың түзілуін ескергендегі тамшылардың дисперстілігінің сұйық отынды бүрку процесіне әсерін зерттеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v80.i1.09

Кілт сөздер:

atomization, combustion chamber, liquid fuel, numerical simulation, high turbulence, harmful emissions

Аңдатпа

Берілген мақала заманауи жану физикасы тұрғысынан анағұрлым маңызды саналатын бастапқы радиустың әр түрлі мәндеріндегі сұйық отынның бүрку, тұтану және жануын сандық модельдеу мәселесіне арналады. Сұйық отындарды жағу барысында өтетін физика-химиялық процестерді сенімді зерттеу қажеттілігі түрлі техникалық құрылғылардың тиімділігіне тұтануды болжау дәлдігіне, жану жылдамдығына қойылатын талаптардың жоғарылығымен анықталады және қоршаған ортаны қорғау бойынша заманауи экологиялық талаптарға негізделеді. Түрлі техникалық құрылғылардың, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштарының тиімділігі айтарлықтай дәрежеде жану процесінің физикасы мен химиялық кинетикасын іргелі зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Жұмыстың мақсаты – математикалық модельдеу әдістері арқылы турбуленттілік пен химиялық реакцияларды ескергендегі тамшылардың бастапқы радиустарының әр түрлі мәндеріндегі сұйық отынды бүрку, тұтану және жану процестерін зерттеу және сұйық отынның жануының тиімді параметрлерін анықтау. Сұйық отынның бүркуі мен жануын компьютерлік модельдеу химиялық реакциялар бар кездегі турбулентті ағынды сипаттайтын дифференциалдық теңдеулерді қолдана отырып жүргізілді.

Зерттеудің теориялық құндылығы аталған жұмыста қол жеткізілген іргелі нәтижелерді жану камераларында өтетін күрделі физикалық және химиялық құбылыстарды терең түсіну үшін жану теориясын қалыптастыруда қолданылатындығымен анықталады. Алынған нәтижелерді процесті оңтайландыру, отынды жағудың тиімділігін арттыру және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайту міндетін бірмезгілде шешетін жануға негізделген түрлі техникалық құрылғыларды жобалау барысында пайдалану мүмкіндігі есептеуіш тәжірибелердің практикалық маңыздылығын білдіреді.

Жарияланды

2022-03-17

Журналдың саны

Бөлім

Thermal Physics and Theoretical Thermal Engineering

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары