Бейсызықты динамика әдісі арқылы көп адрондар түзулуі мен кварк-глюондық плазмаға ауысуды модельдеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v82.i3.02

Кілт сөздер:

quark-gluon plasma, asymptotic freedom, quarks, the color interaction

Аңдатпа

Кварк-глюондық плазманың динамикасы эволюция параметрімен анықталады, ол жоғары энергияларда екінші реттік адрондардың сәйкес еселігі үшін атом ядроларының соқтығысу энергиясына тәуелді. Партондар импульсінің таралу эволюциясының теңдеуін шешу негізінде бұл жұмыста жүйенің қалыпты динамикадан тұрақты емес хаостық режимге ауысуы кварк-глюондық плазманың пайда болуының көрсеткіші екендігі көрсетілген. Сызықты емес ренорм-тобының теңдеуі Пуанкаре кесінділер әдісімен шешілген. Бұл теңдеу құру мен біріктірудің бәсекелес процестеріне байланысты партондардың импульсінің таралу эволюцияның үлгісі болып табылады. Энергия өскен сайын фазалық траекториялардың бифуркациясы (екі еселенуі) орын алып, масштабты инвариантты фракталдық құрылымдар түзіледі. Кварктар мен глюондардың жеткілікті жоғары энергияларында кеңістікте кварк-глюондық плазмаға сәйкес келетін динамикалық кварк-глюондық жүйе пайда болады, онда адрон тәрізді құрылымдар да болады. Кванттық когеренттілік әсерлері жүйені динамикалық хаосқа келтіреді. Нәтижесінде кварктар мен глюондар тұрақты аттракторлық кұрылымдарға қосылады, содан кейін адрондарға ыдырау жүреді. Кварк-глюондық каскадтың енгізілген сызықты емес теңдеуі динамикалық хаосты ескере отырып, партон рекомбинациясының әсерлерін қамтиды. Хаостық динамика ең алдымен партондардың көлденең моменттеріне байланысты. Әбден мүмкін динамикалық тұрақты құрылымдардың қалыптасуы кварк адронизациясының бұрын белгісіз аттракторлық механизмі болып табылады.

Жарияланды

2022-09-16

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics