КТМ токамагы плазмасының жоғары жиілікті қыздыру жүйесінің антенналық модулі контурының АЖС параметрлерін зерттеу

Авторлар

  • A.N. Satibekov Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов; Университет имени Шакарима города Семей, Казахстан, г.Семей http://orcid.org/0000-0001-9112-2238
  • A.T. Kusainov Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов http://orcid.org/0000-0001-9731-568X
  • J. Kulan Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов http://orcid.org/0000-0003-0088-6828
  • Ye.A. Sarsembayev Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов http://orcid.org/0000-0002-8526-8043
  • B.J. Chektybayev Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов http://orcid.org/0000-0003-4578-1798
  • A.V. Gulkin Филиал «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК, Казахстан, г.Курчатов http://orcid.org/0000-0002-2994-0739

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v82.i3.09

Кілт сөздер:

колебательный контур, амплитудно-частотная характеристика (АЧХ), модуль антенный, фидер, ионно-циклотронный резонанс (ИЦР), высокочастотный (ВЧ)

Аңдатпа

Мақалада КТМ токамагы плазмасының қосымша жоғары жиілікті (ЖЖ) қыздыру жүйесінің антенналық модулі контурының амплитудалық-жиіліктік сипаттамаларының (АЖС) параметрлерін зертхана жағдайларында өлшеу нәтижелері ұсынылған. КТМ токамагының антенналық-фидерлік құрылғысы мен ЖЖ жүйесінің сипаттамасы ұсынылған. Уақыттың осы кезеңінде КТМ токамагында қосымша қыздырудың ЖЖ жүйесін қатарға қосу бойынша іске қосып-баптау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жүйені жобалау және іске қосу жекелеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. ЖЖ жүйесі құрамына түрлі кіші жүйелер мен тораптар кіретін төрт модульден тұратындықтан, барлық ЖЖ жүйесін жинақта сынамас бұрын ЖЖ жүйесінің жеке тораптырының параметрлерін тексеру және анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Антенналық модуль антенналық-фидерлік құрылғының құрамына кіреді және ЖЖ жүйесіндегі ең маңызды элемент болып табылады, өйткені ол генератордан токамак плазмасына энергия тасымалдауды жүзеге асырады, осылайша плазманы қыздырады. Егер таратушы жүйе мәлімделген жұмыс жиілігіне келісілмеген болса, онда ЖЖ жүйесі үйлесімсіз болады, бұл плазманы қыздыру тиімділігіне және тұтастай барлық ЖЖ жүйесінің жұмысына әсер етеді. Плазманының қосымша ЖЖ қыздыру жүйесін пайдалануға енгізбей, КТМ токамагын мәлімделген номиналды қуатқа шығару мүмкін емес. Антенналық модульге қосымша элементтер қосылады, болашақта бүкіл ЖЖ жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін олардың әсерін зерттеу қажет. Бұл жұмыста антенналық модульдің АЖС өлшеу әдістемесі және антенналық модульдің жұмыс параметрлерін анықтау нәтижелері келтірілген, мысалы: толқынды кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық, индуктивтілікті реттеудің әртүрлі қосымша элементтеріне байланысты антенналық модуль контурының сапалылығы мен резонанстық жиілілігі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Nonlinear Physics. Radiophysics