Сәулелендірілген Zr радиациялық ықпалдандырылған құрылымдық-фазалық түрленулерді мессбауэрлік спектроскопия әдісімен зерттеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v82.i3.07

Кілт сөздер:

конструкционные материалы, цирконий, облучение, эффект Мессбауэра, интерметаллиды

Аңдатпа

Мақалада энергиясы 1 МэВ, нысанадағы шоқ тогы ~100 нА, дозасы 5х1016 ион/см2 цирконийдің құрылымдық-фазалық күйіне жоғары энергиялы бірзарядты 57Fe иондарының ықпалын зерттеу қарастырылған.

Өткізу геометриясындағы мессбауэрлік спектроскопия (МС), конверсиялық электрондық мессбауэрлық спектрскопия (КЭМС) және растрлық электронды микроскопия (РЭМ) әдістерімен цирконийдің құрылымдық-фазалық күйіне жоғары энергиялы бірзарядты 57Fe иондарының ықпалын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Цирконийдегі 57Fe иондарының проективті жүгіру жолының ұзындықтары анықталды, сәулелендіруге ұшыраған нысана атомдарының саны есептелді, сондай-ақ осы иондар ықпалынан болған ығысулардың саны бағаланды. Зарядталған бөлшектердің үдеткішіндегі үлгілерді зонд Мессбауэр атомдарымен сәулелендіру арқылы цирконий материалдарының радиациялық зақымдалуын модельдеу осы атомдардың реакторға жақын жағдайларда сәулеленген үлгілердің құрылымдық-фазалық күйіне әсер ету аймағынан ядролық-физикалық деректерді алу үшін жүргізілді. Осы материалдардағы имплантанттың электронды жағдайы бағаланды. Беткі қабаттағы имплантацияланған атомдардың концентрациясы және үлгілердің көлемі есептелді.

Атап айтқанда, цирконийдегі 57Fe иондарының проекциялық диапазоны 497 нм, ығысқан атомдардың жалпы саны 3.4х1020, атомға шаққандағы (ашы) ығысу саны 159 болатыны көрсетілді. Fe-дің Zr-де ерігіштігі 0.03%-ды құрайды. Бірақ цирконийді 57Fe иондарымен сәулелендіру кезінде термиялық рекомбинациядан туындаған ығысу каскады ішіндегі вакансиялар мен интерстициалды атомдардың термиялық рекомбинациялануы нәтижесінде Zr3Fe, ZrFe2 аралық металл қосылыстары және Zr (Fe) қатты ерітіндісі түзіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience