ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ӘР ТҮРЛІ БЕРУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЭС ЖАНУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ АҒЫСТЫҢ АЭРОДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
10.26577/RCPh.2022.v83.i4.06Кілт сөздер:
numerical simulation, combustion chamber, turbulence model, velocity, pressureАңдатпа
Сандық модельдеу әдістерімен энергетикалық қазандықтың жану камерасындағы ағыс аэродинамикасына жекелеген жанарғы құрылғылары арқылы отын аэроқоспасының берілуінің апаттық кідірісінің әсері зерттелінді. Жүргізілген есептеу тәжірибелері жану камерасының көлемінде және одан шыққан кезде апаттық режимде (екі құйынды жанарғы жұмыс істейді) жылумасса тасымалы процестерінің негізгі аэродинамикалық сипаттамаларын (толық жылдамдық векторы, қысым, турбуленттіліктің кинетикалық энергиясы және диссипация энергиясы) алуға және оларды қатты отынды дәстүрлі жағумен салыстыруға (базалық режим – төрт тура ағынды жанарғы жұмыс істейді) мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер отынды құйынды беру кезінде жану камерасының орталық облысында құйынды ағыстың түзілуімен қоса аэродинамикалық сипаттамалардың күрт өзгеруі байқалатындығын көрсетті, соңғысы шаңкөмірлі ағын мен жану өнімдерінің шығысқа қарай жылжу деңгейімен әлсірей түседі. Құйынды ағыстың болуы қатты отынның тұрақты жануын және жану камерасының қабырғалары бойынша жылу ағындарының біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ағынның құйынды сипаты көмір бөлшектерінің жану камерасында болу уақытын арттырады, бұл отын аэроқоспасының толық жанып бітуіне және механикалық жанудың толымсыздығының төмендеуіне ықпал етеді. Ағымдағы ЖЭСэнергетикалық қазандықтарының жану камерасында жүзеге асатын ағынның аэродинамикалық бейнесін мұндай мұқият зерттеулерді тек сандық модельдеу әдістерімен және есептеу тәжірибелерін жүргізу арқылы алуға болады. Алынған жоғары ақпараттық нәтижелер энергия өндірудің «таза» технологияларын әзірлеуге және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуының экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
