Аспан денелерінің қозғалысын зерттеуде есептеу эксперименттерін қолдану
DOI:
10.26577/RCPh.2023.v85.i2.08Кілт сөздер:
вычислительный эксперимент, пакет MathCAD, энергия связи, траектория космического аппаратаАңдатпа
Қазіргі ғылыми зерттеулерде есептеу эксперименттерінің рөлі мен орны ерекше болып отыр. Ғалымдар физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдер және есептеу эксперименттері көмегімен зерттей отырып, теориялық физиканың аналитикалық әдістері бере алмаған кейбір ғылыми нәтижелерге қол жеткізуіп отыр. Екінші жағынан, есептеу эксперименттері физикалық приборларды пайдалану мүмкін емес жағдайларда қолданылуы мүмкін. Жұмыста компьютерлік әдістерді қолдану негізінде алынған аспан механикасының кейбір мәселелерін зерттеудің ғылыми нәтижелері келтірілген. Бағдарламалау тілі ретінде Mathcad қолданбалы бағдарламалар пакеті пайдаланылды. Есептеу эксперименттерін қолдану арқылы қол жеткен негізгі ғылыми нәтижелерге мыналар жатады: Жердің центріне дейінгі r қашықтыққа байланысты жердің гравитациялық өрісінің потенциалының графигі құрылды; компьютерлік тәсіл негізінде бірлік массаның«Жер-Ай» жүйесімен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының (байланыс энергиясының) теңдеулері зерттелді; компьютерлік әдістер негізінде радиалды осьтің координаттарына байланысты дененің байланыс энергиясын сипаттайтын графиктер алынды; MathCAD пакетінің көмегімен әртүрлі бастапқы жағдайларда Жерге жақын аймақтағы ғарыш аппараттарының ұшу траекториясы кескінделді; ғарыш аппараттарының Жерден Айға бағытталған қозғалысы зерттелді және оның бастапқы жылдамдығына байланысты ұшу траекториясының әртүрлі кескіндері салынды.
