B[E] құбылысы бар MWC 342 нысанының спектрлік және фотометриялық сипаттамаларын 40 жылдық бақылау негізінде кешенді талдау

Авторлар

  • A.Ж. Акниязова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-9185-3185
  • A.С. Мирошниченко Университет Северной Каролины в Гринсборо, Гринсборо, США; Астрофизический институт им. В. Г. Фесенкова, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-3833-1038
  • З.Ж. Жанабаев Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-5959-2707

DOI:

10.26577/RCPh20259323

Кілт сөздер:

спектроскопия, фотометрия, звезды с эмиссионными линиями, околозвездное вещество

Аңдатпа

MWC 342 (V1972 Cyg) — шамамен 90 жыл бұрын ашылған ерте спектрлік класстағы эмиссиялық жұлдыз. Нысанда B[e] құбылысы байқалады, сонымен қоса оның спектрінде рұқсат етілген және тыйым салынған эмиссиялық сызықтар мен 1970 жылдары алғаш рет табылған жұлдыз маңындағы шаңның сәулеленуіне байланысты инфрақызыл артықшылық байқалады. Алайда нысанның эволюциялық күйі әлі күнге дейін талқылану үстінде. MWC 342 Хербиг Be жұлдызы, суық серігі бар қос жұлдызды жүйе немесе ұзақ мерзімді айнымалы жұлдыз ретінде жіктелген. Бұл жұмыста 1986 - 2024 жылдардағы мәліметтер негізінде жасалған объектіні спектроскопиялық және фотометриялық талдау нәтижелері келтірілген. Орташа және жоғары ажыратымдылықтағы спектрлер оптикалық жарықтылықтың айнымалылығымен салыстырылды. Біз ~20 жыл шкаласы бар квази-периодты фотометриялық өзгерістерді анықтадық, сонымен қатар оптикалық жарықтылық пен Hα сызығының эквивалентті ені арасындағы корреляцияны анықтадық. Бұл жұлдыз маңындағы заттың тығыздығының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. 160 μm дейінгі толқын ұзындығы ауқымында спектрлік энергия таралуын (СЭТ) талдау ұзын толқындарда ағынның күрт төмендегенін көрсетті, бұл жүйеде салқын жұлдыз маңындағы шаңның айтарлықтай мөлшерінің жоқтығын білдіреді. Бұл қорытынды ықшам шаң дискісінің бар болуы мүмкін деген жорамалмен үйлеседі. Тиімді температурасы шамамен ~25,000 K болатын теориялық СЭТ спектрдің оптикалық диапазонындағы фотометриялық деректерді жақсы сипаттайды. Gaia DR3 қашықтығын және жұлдызаралық қызарудың жаңа картасын объектіге қарай пайдалану оның жарықтығын нақтылауға мүмкіндік берді log(L/L0)=3.9. Нәтижелер MWC 342 спектрлік және көп түсті фотометриялық мониторингін жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді, бұл оның табиғаты мен айналмалы ортаның динамикасын нақтылау үшін қажет.

Автор өмірбаяндары

  • A.Ж. Акниязова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    (автор корреспондент) – соискатель PhD, старший преподаватель кафедры электроники и астрофизики КазНУ им. аль-Фараби, г. Алматы Казахстан. е-mail: aigerimakniyazova@gmail.com

  • A.С. Мирошниченко, Университет Северной Каролины в Гринсборо, Гринсборо, США; Астрофизический институт им. В. Г. Фесенкова, Алматы, Казахстан

    директор обсерватории Three College и планетария UNCG, профессор факультет физики и астрономии Университета Северной Каролины в Гринсборо, г. Гринсборо США. е-mail: a_mirosh@uncg.edu

  • З.Ж. Жанабаев, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    д.ф.-м.н., профессор кафедры электроники и астрофизики КазНУ им. аль-Фараби, г. Алматы Казахстан. е-mail: zhanabayev.zeynulla@gmail.com

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics