Бетті модификациялаудың плазмалық технологияларын қолдану арқылы медициналық құралдар мен имплантаттар өндірісін дамытудың заманауи тенденциялары

Авторлар

  • Д.Л. Алонцева Д. Серiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан
  • Б.Н. Азаматов Д. Серiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан , Шығыс Қазақстан өңірлік Алтай технопаркі, ЖШС, Өскемен, Қазақстан
  • С.Г. Войнарович Украина ұлттық академиясының Е.О. Патон электр дәнекерлеу институты, Киев, Украина
  • А.В. Ерсаинова Д. Сериiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh97220265

Кілт сөздер:

медициналық имплантаттар, аддитивті өндіріс, плазмалық технологиялар, беткі модификация, биоүйлесімді материалдар, цифрлық жобалау, термиялық плазмалық бүрку (ТПБ)

Аңдатпа

Мақалада медициналық құралдар мен имплантаттарды дайындау технологияларын дамытудың заманауи үрдістеріне шолу жасалып, цифрлық жобалауды енгізуге, аддитивті өндіріс технологияларына және беткі инженерия әдістеріне, соның ішінде плазмалық технологияларды қолдануға баса назар аударылады. Шолудың мақсаты медициналық имплантаттарды өндірудің инновациялық технологияларын клиникалық тәжірибеге кеңінен енгізуді тежейтін негізгі шектеулерді айқындау және заманауи технологиялық тәсілдерді жүйелі талдау. Дәстүрлі механикалық өңдеуден дербестендірілген және функционалдық бағдарланған өндіріске дейінгі өндірістік әдістердің эволюциясы қарастырылған. Үшөлшемді модельдеу, металл және полимерлік конструкцияларды 3D басып шығару, имплантаттар бетінің плазмалық және ионды-плазмалық модификациясы, сондай-ақ роботтандырылған хирургиялық платформалар және осы озық технологиялардың үйлесімі саласындағы жетістіктер талданған. Термиялық плазмалық бүрку ерекшеліктеріне, плазмалық бүрку параметрлерінің медициналық бұйымдар беттерінің микроқұрылымы мен қасиеттеріне әсер ету заңдылықтарына, сондай-ақ медициналық бұйымдарды дайындаудың біріктірілген технологияларын енгізудің технологиялық шектеулеріне ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аддитивті өндіріс сапасының вариабельдігі, материалдарды сертификаттау күрделілігі, дербестендірілген медициналық бұйымдарға арналған бірыңғай стандарттардың болмауы мәселелері қарастырылады. Қазіргі ғылыми деректерді жинақтау және талдау медициналық құралдар мен имплантаттардың беттерін плазмалық технологиялар арқылы модификациялау саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізу тиімділігін арттыру және одан әрі зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Д.Л. Алонцева, Д. Серiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан

    физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, e-mail: dalontseva@ektu.kz).

  • Б.Н. Азаматов, Д. Серiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан, Шығыс Қазақстан өңірлік Алтай технопаркі, ЖШС, Өскемен, Қазақстан

    PhD, қауымдастырылған профессор, e-mail: BAzamatov@edu.ektu.kz

  • С.Г. Войнарович, Украина ұлттық академиясының Е.О. Патон электр дәнекерлеу институты, Киев, Украина

    техника ғылымдарының кандидаты, e-mail: serge.voy@gmail.com

  • А.В. Ерсаинова, Д. Сериiкбав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан

    автор-корреспондент, PhD, қауымдастырылған профессор, e-mail: av_yersainova@mail.ru.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-18

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics