Вакуум жағдайында қыздыру кезінде гольмий мен эрбий гидриді ұнтақтарының термодесорбциялық сипаттамалары

Авторлар

  • Е. Кенжин Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан
  • Т. Кульсартов Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан
  • И. Кенжина Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан
  • Ж. Заурбекова Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан
  • Қ. Самарханов Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты филиалы, Курчатов, Қазақстан
  • C. Ударцев Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан , "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ, Өскемен, Қазақстан
  • A. Елишенков Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан
  • Г. Қантай Словакия ғылым академиясының Физика институты, Братислава, Словакия

DOI:

https://doi.org/10.26577/

Кілт сөздер:

сирек жер металдары, металл гидридтері, термодесорбциялық спектроскопия (ТДС), ұнтақ материалдар, вакуумдық қыздыру, сутегі десорбциясы

Аңдатпа

Бұл жұмыста вакуумда қыздыру кезінде гольмий және эрбий гидридтері ұнтақтарының термодесорбциялық (ТДС) сипаттамалары зерттеліп, лантаноид бериллидтерін кейінгі синтездеу үшін негізделген температура-уақыт параметрлерін таңдау мақсаты қойылды. Зерттеудің өзектілігі вакуумдық-термиялық қыздыру барысында гидрид құрамды ұнтақ қоспаларынан газ бөлінуін ескеру қажеттілігімен анықталады, өйткені сутегінің десорбциясы қоспаның тығыздалуына, вакуум режимінің тұрақтылығына және фазалардың түзілу шарттарына елеулі әсер етуі мүмкін.

ТДС зерттеулерді жүргізер алдында бастапқы бериллий, гольмий гидриді және эрбий гидриді ұнтақтарына сипаттама берілді, оған гранулометриялық құрамын, бөлшек морфологиясын және фазалық күйін талдау кірді. ТДС зерттеулер вакуум жағдайында бөлме температурасынан 1173 K-ге дейін 10 K/мин жылдамдықпен қыздыру арқылы жүргізілді. Гольмий және эрбий гидридтері ұнтақтарын қыздыру кезінде сутегінің бөлінуі жоғары температура аймағында басым максимумымен сипатталатын көпсатылы сипат.

Алынған нәтижелер қарқынды газ бөлінуі байқалатын температуралық аралықтарды анықтауға мүмкіндік береді және бериллий мен сирек жер металдары негізіндегі ұнтақ қоспаларынан лантаноид бериллидтерін синтездеу бойынша эксперименттерді дайындау және жүргізу кезінде вакуумдық қыздыру режимдерін негіздеуде қолданылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Е. Кенжин, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан

    Candidate of physical and mathematical sciences, Leading researcher

  • Т. Кульсартов, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан

    Физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, жетекші ғылыми қызметкер

  • И. Кенжина, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан

    автор-корресподент, PhD, жетекші ғылыми қызметкер

  • Ж. Заурбекова, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан

    докторант, аға ғылыми қызметкер

  • Қ. Самарханов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты филиалы, Курчатов, Қазақстан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты филиалының аға ғылыми қызметкері

  • C. Ударцев, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ, Өскемен, Қазақстан

    аспирант, жетекші ғылыми қызметкер

  • A. Елишенков, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ, Алматы, Қазақстан

    ғылыми қызметкер

  • Г. Қантай, Словакия ғылым академиясының Физика институты, Братислава, Словакия

    аға ғылыми қызметкер

Жарияланды

2026-09-07

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым