Студенттердің күрделі жылуфизикалық ұғымдарды меңгеру дағдыларын дамыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/Кілт сөздер:
дағдылар, меңгеру, жылуфизикалық ұғымдар, мәселелерді шешу әдіснамасы, ақпаратты визуалды ұсыну, дамуАңдатпа
Еркін табиғи конвекция жағдайында қоршаған ортамен біріктірілген жылуалмасуды оқу процесінде жылуфизикалық ұғымдарды меңгеруді жақсартуға арналған дағдыларды қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды. Техникалық сипаттағы есептерді шешуге арналған термодинамикалық әдістің көптеген қағидаларын түсіну және оларды тәжірибеде қолдану барысында студенттердің қиындықтары анықталды. Экспериментті орындау кезінде студенттің мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің қайта құрылуы жүретіні, бұл өз кезегінде күрделі жылуфизикалық ұғымдарды меңгеру дағдыларының дамуына әкелетіні анықталды. Мәселелерді шешу әдіснамасы негізінде күрделі жылуфизикалық ұғымдарды меңгеру ақпаратты ұсыну формаларымен байланысты екені көрсетілді. Эксперименттік деректерді визуалды түрде ұсыну жылу өткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену сияқты әртүрлі жылу тасымалдау тәсілдерін оқып-үйрену барысында жылуфизикалық ұғымдарды меңгеру дағдыларының дамуына елеулі әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар, жылуфизикалық ұғымдардың визуалды ұсынылуында қамтылған ақпаратты меңгеру студент тұлғасының репрезентативтік құзыреттіліктерімен байланысты екені көрсетілді. Практикалық сабақтарда, әсіресе, зертханалық жұмыстарды орындау кезінде, күрделі жылуфизикалық ұғымдарды меңгеру екі немесе үш адамнан тұратын топтарда алынған нәтижелерді бірлесіп талқылау арқылы тиімді жүзеге асатыны анықталды. «Қолданбалы жылуфизика» пәнін оқу барысында қарастырылатын біріктірілген жылуалмасуды зерттеу мысалында студенттердің кейінгі оқуын жақсартуға ықпал ететін, бақыланатын визуалды тәуелділіктерді ауызша талқылау процесіндегі ақпаратты меңгеру дағдылары қарастырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Хабаршы. Физика сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.









