Азот матрицасындағы мөлшерлері әртүрлі ауыр су криоконденсаттарының ИҚ-спектрлері

Авторлар

  • А. Алдияров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. Жұмабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Тыченгулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Изотоптық қоспа, Криоматрица, Ауыр су, ИҚ- спектр, Криокристалл, Лазерлік интерферометр

Аңдатпа

Осы жұмыста қалыңдықтары молекулалардың тербелмелі толқын ұзындықтарына шамалас, азот криоматрицасындағы судың изотоптық қоспасының (Н2О, HDO, D2O) криовакуумдық конденсаттарының жұқа үлдірлеріне классикалық зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер мәселесі Н2О, HDO, D2O молекулаларының сипаттамалы тербеліс жиіліктері диапазонындағы азот криоматрицасындағы ауыр су мөлшері өзгерісінің төсетек-үлдір жүйесінің шағылу қабілетіне әсерін зерттеу болып табылады. Судың изотоптық қоспасының концентрациялары масс-спектрометр көмегімен зерттелді. Алынған нәтижелердің есебі бойынша қоспадағы компоненталардың мөлшерлері келесі түрде болды – Н2О(10), HDO(50), D2O(40). Өлшеу барысындағы жіберілген қателіктер 3-5-дан аспайды. Әрі қарай «ауыр су» деп осы изотоптық қоспаны айтамыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-08-15

Журналдың саны

Бөлім

Thermal Physics and Theoretical Thermal Engineering

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары