Жұқа полимер қабыршақтардан өткен alfa-бөлшектердің энергетикалық спектрін зерттеу

Авторы

  • A.Kh. Abildaev Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • S.K. Shinbulatov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
        424 22

Ключевые слова:

альфа-бөлшек, энергетикалық спектр, Ландау таралуы

Аннотация

Жұмыста жұқа полимер қабыршақтардан өткен Pu-238 изотопының a-бөлшектерінің энергетикалық спектрі бойынша тәжірибелік нәтижелер алынған. Зерттелініп отырған қабыршақтардан өткен a-бөлшектер үшін Ландау таралуы тұрғызылған. Тәжірибеден алынған энергетикалық спектрді Ландау таралуымен салыстыра отырып, зерттеліп жатқан полимер қабыршақтардағы кристаллдардың үлесі тәжірибенің қателігінен артпайтыны анықталды, яғни қабыршақтардың ішіндегі монокристаллдардың үлесі аз екені белгілі болды.

Ең алдымен плутоний изотопын альфа-спектрометрге салып, калибрлеп аламыз. Сосын плутоний 238 изотопы бетіне полимер қабыршақты жауып, компьютерде спектрлік анализді көруге арналған арнайы бағдарламалық орта көмегімен энергетикалық спектрін аламыз. Осылайша 1-қабыршақтың 4 аумағын үшін осы процессті қайталаймыз. Спектрлік анализ бағдарламалық ортасында канал немесе электронвольт өлшемімен көруге болады. Дәл осындай жолмен 2-қабыршақтың 3 аумағын альфа-спектрометрде П8-332 изотопының бетіне қабыршақты салу арқылы орындаймыз. Альфа спектрометриялық әдіс көмегімен зерттелініп отырған қабыршақтан шыққан a-бөлшектердің энергетикалық спектрін аламыз. Сонымен қатар қабыршақтың құрамын, яғни оның кристалды немесе аморфты екенін анықтаймыз және зерттейміз. Егер қабыршақ кристалды құрам болса, онда a-бөлшектің энергетикалық спектрі өркеш-өркеш болады. Ал егер аморфты болса энергетикалық спектрі біркелкі болады.

Библиографические ссылки

1 A.Kh. Abіldaev, S.D. Ermaganbetova, D. Alimov, Al-Farabi Kaznu bulletin. Physics series, 1(32), 85-89, (2010) (in kaz.).

2 A.Kh. Abіldaev, S.D. Ermaganbetova, D. Alimov, Al-Farabi Kaznu bulletin. Physics series, 1(32), 80-84, (2010) (in kaz.).

3 L. Landau, O poterjah jenergii bystrymi chasticami na ionizaciju, V knige Landau L.D. Sobranie trudov, T.1. M: Nauka, 1969, 482-490. (in russ.).

Загрузки

Как цитировать

Abildaev, A., & Shinbulatov, S. (2017). Жұқа полимер қабыршақтардан өткен alfa-бөлшектердің энергетикалық спектрін зерттеу. Вестник. Серия Физическая (ВКФ), 61(2), 94–98. извлечено от https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/867

Выпуск

Раздел

Теоретическая физика. Физика ядра и элементарных частиц. Астрофизика

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)