Көміртекті кванттық нүктелерді алу, олардың қасиеттерін зерттеу және биомедицинада қолданудың заманауи жетістіктері: әдеби шолу

Авторлар

  • N. Zhylkybayeva Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5354-7654
  • G. Mussabek Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1177-1244
  • S. Baktygerey Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1426-6374
  • G.K. Sadikov Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5542-7755
  • V. Lysenko Жарық материясы институты, UMR-5306, Клод Бернард Лион университеті, Франция Виллербанн қ. http://orcid.org/0000-0003-1076-7064
  • V.V. Lisnyak Жоғары технологиялар институты, Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті, Украина, Киев қ. http://orcid.org/0000-0002-6820-1445

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh.2021.v79.i4.08

Кілт сөздер:

көміртегі, көміртекті кванттық нүктелер, наноматериалдар, флуоресценция, биомедицина

Аңдатпа

Көміртекті кванттық нүктелер өзінің ерекше физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты соңғы жылдары үлкен қызығушылық тудыруда. Көміртекті кванттық нүктелерді басқа да болашағы зор наноматериалдардан айқын ететін бірден бір қасиеті деп бөлме температурасындағы көрінетін жарқын фотолюминесценциясын атауға болады. Материалдың фотолюминесценциясы негізінен оның наноөлшемді құрылымы мен нанобөлшектердің пішіндеріне тәуелді екені мәлім.  Қазіргі уақытта аталмыш нанобөлшектекрдің жарқын люминесцентті ғана емес, сондай-ақ тірі ағзамен биоүйлесімді, биоыдырайтын және улылығы төмен болуына байланысты олар биобейнелеуде, биосенсорлар және ағзаға дәрі-дәрмек жеткізуші материал ретінде биомедицинада кеңінен қолданыс тапқан.

Біз ұсынып отырған осы шағын шолуымызда жарқын фотолюминесценцияға ие болатын көміртекті кванттық нүктелерін синтездеу, қасиеттерін жан-жақты зерттеу және биомедициналық қолдану саласындағы соңғы жетістіктерді сипаттаймыз. Мақалада көміртекті наноматериалдардың табиғаты мен негізгі түрлері қысқаша сипатталып, көміртекті кванттық нүктелерді синтездеудің кеңінен таралған әдістерінің кемшіліктері мен артықшылықтары талқыланған. Сонымен қатар, биомедициналық қолданыстарда пайдалануға ұсынылып отырған көміртекті кванттық нүктелердің физикалық қасиеттері және оларды зерттеу әдістерін сипаттауға көңіл бөлініп, осындай денсаулық сақтау саласындығы қолданыстардың келешектегі даму жолдарына баға берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-04

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары