Физиканы оқыту үшін виртуалды шындық технологиясын қолдану

Авторлар

  • Ye.A. Daineko Международный университет информационных технологий, Институт прикладных наук и информационных технологий, Алматы, Казахстан
  • M.T. Ipalakova Международный университет информационных технологий, г. Алматы, Казахстан
  • D.D. Tsoy Международный университет информационных технологий, г. Алматы, Казахстан
  • Zh.B. Baurzhan Международный университет информационных технологий, Алматы, Казахстан
  • Ye.K. Yelgondy Международный университет информационных технологий, г. Алматы, Казахстан
  • Zh.Zh. Bolatov Международный университет информационных технологий, г. Алматы, Казахстан

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/rcph-2019-1-1103

Кілт сөздер:

толықтырылған шындық, виртуалды шындық, unity 3D, leap motion, виртуалды физикалық зертхана, физика

Аңдатпа

Ақпараттық технологиялардың дамуымен басқа да салалар дамиды, бұрын таныс емес қарым-қатынас, бірдеңені жасау, зерттеу әдістері танымал болады. Осылайша, заманауи әлем оқыту үдерісіне жаңа талаптар қояды. Алайда, қашықтықтан және инклюзивті білім берудің дамуына қарамастан, жаратылыстану ғылымдары өз ерекшеліктеріне байланысты  жаңа технологияларды қолдану саласында басқа салаларданартта қалып отыр. Бұл, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын тиімді меңгеру және эксперименталды мәліметтерді талдау үшін физика, химия және басқа да нақты пәндер зертханалық жұмыстарды орындауды қажет ететіндігімен байланысты. Алайда бұл үшін арнайы жабдықталған зертханалар қажет, ал олармен әрдайым оқу орындары жабдықтала бермейді. Осы жағдайда көмекке компьютерлік графика, толықтырылған шындық, есептеу динамикасы және тағы да басқа жаңа технологиялар келеді.

Бұл мақалада білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалану қарастырылған. Қазіргі өмірдің кейбір салаларына виртуалды шындық базасында түрлі инновациялық әзірлемелерді енгізуге талдау жүргізілді. Жұмыста виртуалды шындыққа негізделген білім беру ресурстарын оқу процесінде, атап айтқанда, физиканы зерттеу үшін, қолданудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері келтірілген. Авторлармен виртуалды шындық арқылы физиканы зерттеуге мүмкіндік беретін жеке бағдарламалық өнім ұсынылған. Мұндай тәсіл қосымшамен өзара қарым-қатынасты қызықты әрі есте қаларлық, ал оқу процесін неғұрлым тиімді етуге мүмкіндік берді. Әзірлеу платформасы ретінде Unity 3D платформааралық ортасы таңдалды.Негізгі функционал C#-та жазылған. Графикалық модельдер Substance Painter көмегімен жасалды. Мақалада ұсынылған қосымшаларды әзірлеу процесі, оның функционалы, сондай-ақ пайдаланушы интерфейсі қарастырылған.

            Атқарылған жұмыс авторларға физиканы зерттеуде жаңа технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік берді және олар әртүрлі деңгейдегі оқу орындарындағы оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде оларды кеңінен қолдану үшін жаңа перспективаларды ашатынын көрсетті. Бұл тәсіл жоғарыда келтірілген артықшылықтардан басқа оқыту процесін қауіпсіз, қызықты және қолжетімді етеді. Нәтижесінде бағдарламалық қамтамасыз ету ғана емес, одан әрі даму мен зерттеу үшін пайдаланылатын жаңа тәжірибе алынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Methods of teaching high school physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары