КРИОГЕНДІКПЛАЗМАДАҒЫТОЗАҢДЫ БӨЛЩЕКТЕРДІҢ ДИФФУЗИЯСЫНА ТЕРМОФОРЕТИКАЛЫҚ КҮШТІҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • M.M. Muratov ННЛОТ, НИИЭТФ, Казахский Национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г.Алматы
  • Zh.A. Moldabekov НИИЭТФ, Казахский Национальный университет им. аль-Фараби, Институт прикаладных наук и информационных технологий, Казахстан, г.Алматы
  • E. Aldakulov НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы
  • T.S. Ramazanov НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы
  • A.M. Temirbek НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/rcph-2019-i2-10

Кілт сөздер:

тозаңды плазма, криогендік плазма, термофоретикалық күш, орташа квадраттық ығысу

Аңдатпа

Криогендік жағдайдағы термофоретикалық күш қалыпты бөлме температурасы жағдайына қарағанда күштірек болады. Тозаңды бөлшектер беті мен қоршаған газ арасындағы температураларының айырымдары бұдан бұрын есептелген болатын. Бұл айырым тозаңды бөлшектер арасындағы термофоретикалық күштің пайда болуының себебі болып табылады.Бұл жұмыста екі өлшемді қабаттағы зарядталған тозаңды бөлшектердің орташа квадраттық ығысуына термофоретикалық күштің әсерін молекулалық динамика әдісімен модельдеу арқылыарқылы алынған зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Орташа квадраттық ығысу бөлшектердің диффузиясын сипаттайды. Термофоретикалық күшті сипаттайтын параметрлерді өзгерту арқылы, осы күштің криогенді комплексті плазманың қасиеттерінің біршама өзгерісіне алып келетін жағдайлары анықталды. Сонымен қатар, компьютерлік модельдеудің мәліметтері келтірілген. Орташа квадраттық ығысу байланыс параметрінің әр түрлі мәндері үшін есептелінді. Термоформетикалық күшті ескерген және ескермеген жағдайдағы орташа квадраттық ығысу қисықтарының қатынастары алынған. Термофоретикалық күшке тән әсерлесу радиусы тозаңды бөлшектер арасындағы орташа арақашықтығынан көп болған жағдайда, термофоретикалық күштің тозаңды бөлшектердің диффузиясына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Соңғы жағдай тоөмен қысымдар, Р<1Па, және 10К төмен криогендік температураларғасәйкес келеді.Бейтараптардың еркін жүру жолы термофоретикалық күштің әсер ететін диапазонын (радиусын) анықтайды. Термофоретикалық күштің әсер ететін радиусын қысымның мәндеріне байланысты, бөлшектердің орташа арақашықтағынан үлкен де, кіші де болуы мүмкін. Термофоретикалық күштің әсерін есептеу үшін тозаңды бөлшектер арасындағы әсерлесу потенциалы таңдап алынды. Әр түрлі кесу радиусытарының мәндерінің жағдайлары қарастырылды. Кесу радисутарының үлкен мәндері, термофоретикалық күш тозаңды бөлшектер арасындағы тебуінің күшеюіне алып келетіні көрсетілді. Термофоретикалық күштің кесу радиусы мәнінің артуымен осы күшті ескермегендегі мәліметтермен салыстырғандағы мәндерінің елеулі түрде ауытқуына алып келетіні анықталды. Термофоретикалық күш үшін байланыс параметрінің өсуімен бұл ауытқуының әсері өседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >>