Аса тиімді кремнилі Күн элементтерінің жылулық және фотофизикалық сипаттамаларын модельдеу және есептеу
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh-2019-i3-7Кілт сөздер:
фотовольтаика, кристалды кремний, екіжақты фотоэлемент, математикалық физикаАңдатпа
Бір жақты және екі жақты аса тиімді кремнилі Күн элементтерінің физикалық сипаттамаларын зерттеу және салыстыру мақсатында "аморфты кремний-кристалды кремний" өткелі негізінде гетероқұрылымды кремнилі Күн элементінің стандартты архитектурасы бар, сондай-ақ, HIT ретінде белгілі ұяшықтарда, температуралық өрістің және жарық сәулесінің таралу қасиеттеріне есептеулер жүргізілді. Зерттеулер жүргізу нәтижесінде бір жақты Күн элементімен екі жақты Күн элементін салыстырып қарағанда, екі жақты Күн элементінің температурасы аз қызғандығы анықталынды. Сонымен қатар, альбедо тұрақтысы 17% - көрстекішінің болуы арқасында, екі жақты Күн элементінен өтетін жарықтың мөлшері, бір жақты Күн элементінен өтетін жарықтың мөлшерін арттырады. Өз кезегінде, фотоэлектрлік түрлендіруші альбедо сәулелену мүмкіндігі, екі жақты Күн элементтерінің электр энергиясының өндірісін арттыруда маңызды рөл атқарады және олардың бір жақты фототүрлендіргіштерге қатысты көптеген артықшылықтарын көрсетеді.
