О левитации пыли над поверхностью Луны

Авторлар

  • A.I. Kenzhebekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • S.K. Kodanova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/rcph-2019-i2-7

Кілт сөздер:

Лунный реголит, плплазменно-пылевой слой, левитация

Аңдатпа

Ай бетіндегі тозаңның түзілу механизмі, оның динамикасы мен плазма және ғарыштық аппараттардың бетімен әсерлесуі өзекті болып табылады, сондықтан Ай бетіндегі плазмалық-тозаңдық қабатты зерттеуге байланысты бірнеше теориялық модельдер бар.

 Осы мақалада Ай бетінің плазмалық қабатындағы тозаңдық бөлшектердің динамикасын оқып үйренуге арналған зерттеу жұмыстарына қысқаша шолу жасалынған. Молекулалық динамика әдісі негізінде  Ай бетінде левитацияланатын тозаңды бөлшектердің динамикасын есептейтін модель құрылды. Тозаңды бөлшектердің өлшемдері бойынша таралуы алынды. Ай бетінің маңайындағы тозаңды бөлшектердің динамикасын сипаттауға қажет күн желінің параметрлері (тығыздық, электрондар мен иондардың температурасы, жылдамдық), реголит тығыздығы, тозаңды бөлшектің өлшемі сияқты физикалық шарттар қарастырылады. Тозаңды бөлшектердің зарядталуы күн желіндегі электрондар мен иондардың тығыздығын, фотоэлектрондардың тығыздығын ескереу арқылы шектелген орбиталар жуықтауы (OML) бойынша есептелді. Ә түрлі радиустағы тозаңды бөлшектердің зарядының уақыт бойынша тәуелділігі тұрғызылды.  Ай бетінің маңайындағы плазмалық ортаның тозаңды бөлшектерінің зарядталуы гравитациялық және электр өрістерінің әсерінен тозаңды бөлшектердің Ай бетінде левитациялануын және тасымалдануын туғызады

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>