Төментемпературалы серпімді деформация кезіндегі NaCl және NaCl-Li кристалдарындағы радиациялық ақаулардың рекомбинациялық люминесценциясы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh-2019-i4-10Аңдатпа
Сезімталдығы жоғары термобелсенді спектроскопия әдісімен спектрдің кең интервалында (200¸850 нм) төмен температуралы (95К) серпімді деформация ( ) кезіндегі NaCl және NaCl-Li зоналық тазартылған кристалдардың термостимулденген люминесценция (ТСЛ) спектрлері зерттелді. ТСЛ-да NaCl кристалының басым шыңы төмен температуралы деформация кезінде қарқындылығы екі есе артатын және 165-170К кезінде ең жоғары термиялық бұзылу болатын, сканерлеу 3,5 эВ кезінде ТСЛ спектрінің максимумына сәйкес келетін -орталығы болып табылады. ТСЛ-да -шыңы мен рентгенлюминесценция спектрі сәйкес келеді және табиғаты бірдей – қозғалғыш тесіктер мен электрондардың рекомбинациясы кезінде автолокализацияланған экситондардың сәуле шығару релаксациясы. NaCl-Li ТСЛ–сында төмен температуралы деформация кезінде қарқындылығы 10 есе күшейетін және сәйкес 110К және 125К кезінде термиялық бұзылудың максимумдары бар F/ және HA(Li) – орталықтары басым шыңдар болып табылады. ТСЛ спектрлерін 110К и 125К шыңдарында сканерлеу барысында 2,72 эВ және 2,69 эВ кезіндегі максимумдармен сәулелену тіркелген.Талдау NaCl-Li торындағы жеңіл литий катионы, нәтижесінде HA(Li)-орталықтары пайда болатын жергілікті деформация тудыратынын көрсетеді. Серпімді деформация HA(Li)-орталықтардың түзілуін одан әрі ынталандырады, оның дәлелі 125К кезінде ТСЛ шыңының қарқындылығының 13 есе күшеюі болып табылады.
