Ядролардың өзара іс-қимылындағы қайталама бөлшектердің үлестірілуінің ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh-2019-i4-2

Кілт сөздер:

Ядро-ядерные взаимодействия, кварк-глюонная плазма, фотоэмульсионная методика

Аңдатпа

Жұмыс барысында ауыр ядролардың 208Pb 158 А×ГэВ және 197Аи 10.7 А×ГэВ фотоэмульсия ядроларымен өзара әрекеттесуін талдау нәтижелері берілген. Нәтижелерді өңдеу Херст әдісі арқылы жүзеге асырылды. Херст көрсеткіші негізінде оқиғалар екі түрге бөлінді: жарылғыш және каскадты буландырғыш. Жарылғыш түріндегі оқиғаларда нөсерлі екінші реткі бөлшектердің үлкен бұрышпен ұшып шығатыны анықталды. Ұшатын ядроның энергиясына байланысты осы әсердің талдауы ұсынылған. Алтын ядросы мен қорғасын ядросы шамамен бірдей массаға ие, бірақ 15 есе дерлік энергия жағынан ерекшеленеді. Алайда, жарылғыш түріндегі оқиғалардың салыстырмалы саны, энергияны 10 еседен артық арттырғанда іс жүзінде бірдей. Au+Em 10.7 АГэВ өзара әрекеттестікте жарылғыш түріндегі оқиғалардың 64.7% байқалады. Бұл ретте толық бұзылу оқиғаларының 8.1% -да нысана ядросының фрагменттері жоқ. Ал Pb+Em 158 АГэВ өзара әрекеттестікте – 59.7% жарылғыш түріндегі оқиғалар және 8.9% толық бұзылу оқиғалары. Алайда <h> орта жалған таралуының үлкен мәндердегі оқиғалар саны айтарлықтай ерекшеленеді. Au+Em 10.7 АГэВ өзара әрекеттестікте 35.6% оқиғалар <h> үлкен мәні бар жарылғыш түрі болып табылады. Pb+Em 158 АГэВ-да мұндай оқиғалар тек 8.4%.

Автор өмірбаяндары

  • M.E. Abishev, Казахский национальный университет им.аль-Фараби, г.Алматы, Казахстан

    Место работы КазНУ им.аль-Фараби

    Должность Заведующий кафедрой

    Ученая степень, звание доктор физико-математических наук

    Служебный адрес пр. аль-Фараби, 71

  • T.A. Kozhamkulov, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    Место работы КазНУ им.аль-Фараби

    Должность Заведующий кафедрой

    Ученая степень, звание доктор физико-математических наук

    Служебный адрес пр. аль-Фараби, 71

  • I.A. Lebedev, Физико-технический институт, Satbaev University, г.Алматы, Казахстан

    Место работы Физико-технический институт

    Должность Заведующий лабораторией

    Служебный адрес мкр. Алалтау, Ибрагимова 11

    Ученая степень, звание доктор физико-математических наук

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2