Борн әдісі негізінде тығыз квазикласссикалық плазманың дифференициалды шашырау қималары
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2020.v73.i2.04Кілт сөздер:
динамический потенциал взаимодействия, плотная квазиклассическая плазма, метод Борна, динамическая экранивровка, дифференциальные сечения рассеянияАңдатпа
Бұл жұмыста тығыз квазиклассикалық плазманың эффективті әсерлесу потенциалдардың негізінде соқтығысу қасиеттерін есептеу нәтижелері көрсетілген. Бұл моделде дифракцияның кванттық-механикалық эффектілері және динамикалық экрандалу эффектісі ескеріледі. Нәтижелер статикалық әсерлесу потенциалдарының негізінде алынған мәліметтермен салыстырылды, осының негізінде динамикалық эффектілердің идеал емес плазманың соқтығысу процестеріне әсері туралы қорытынды жасалды. Тығыз квазиклассикалық плазманың қасиеттерін зерттеу қиындық туғызады, біріншіден, бөлшектердің өзара әрекеттесу модельдерін таңдаудың оңай еместігінен және екіншіден, мұндай жүйелердің қасиеттерін зерттеу үшін қолданыстағы теориялық әдістердің жетілмеуінен қиынға соғады. Соқтығысу процестері плазманың барлық қасиеттерін, оның құрамын, термодинамикасын, транспорттық сипаттамаларын, электродинамикалық қасиеттерін және т. б. анықтайды. Дәстүрлі түрде белгілі бір модель шеңберінде қарапайым процестерді зерттеу серпімді шашырау қимасын алудан басталады, бұл ретте алғашқы бағалауды Борн әдісі жататын қарапайым әдістердің негізінде жүргізуге болады және жүргізу қажет. Сондықтан зерттеуді элементар процестер деңгейінде дұрыс және шынайы жүргізе білу өте маңызды. Дәстүрлі түрде белгілі бір модель шеңберінде элементар процестерді зерттеу серпімді шашырау қимасын алудан басталады, бұл ретте алғашқы бағалауды Борн әдісі жататын қарапайым әдістердің негізінде жүргізуге болады және жүргізу қажет. Соқтығысулардың қималары соқтығысатын бөлшектердің салыстырмалы жылдамдығының мәніне тікелей байланысты, ол қиманы есептеуге мүмкіндік беретін теңдеулердің өзінде болады, бірақ көп жағдайларда өзара әрекеттесудің жылдамдыққа тәуелділігі ескерілмейді. Мұндай қойылым мүлдем дұрыс емес және олардың соқтығысуын зерттеу кезінде бөлшектердің өзара әрекеттесуінің динамикалық қасиеттерін қолдану дәйекті болып табылады. Нөлге жуық шашырау бұрышында ұшып келе жатқан бөлшектің толқындық векторы шамасына байланысты диффренциалдық қиманың шамасы шекті мәнге ие болатындығы байқалды. Бұл жағдай статистикалық экрандалу үлгілерінде байқалмады. Қорытынды жасалды.
