Сейсмикалық белсенді жер қыртысысы арқылы өтімділігі жоғары ғарыш нұрының өтуіне байланысты туындайтын акустикалық сигналдар
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh.2020.v74.i3.09Кілт сөздер:
мюоны космических лучей, широкие атмосферные ливни, сейсмология, прогноз землетрясенийАңдатпа
Терең кеңістікте орналасқан жер қыртысының сейсмикалық құбылыстарға байланысты бүлінуі кезінде дербес түрдегі дараланған акустикалық сигналдардың пайда болатыны көрсетілген. Табиғаты осы тектес сигналдармен қосарласа туындаған ғарыш сәулесінің энергиясы жоғары мюондары арасында уақытқа байланысты айтарлықтай статистикалық мағынасы бар корреляцияның қалыптасатыны белгілі болды. Бұл жағдай өтімділігі жоғары мюон бөлшектерінің жер асты тереңдігінде әлсіз ионизация арқылы триггерлік әсерді туғызуы туралы болжамды дәлелдеуінің куәсі болса керек. Нәтижесінде сейсмикалық белсенділігі жоғары жер қыртысының бүлінуімен қатар, оның айналасында қорланған серпімді энергияның босануына, сол арқылы дербес акустикалық сигналдың таралуына мүмкіндік туады. Егер бұл құбылыстар нақты эксперименттермен толық дәлелденетін болса, оның нәтижелері жер сілкінісі туралы болжамдық мағынадағы пікірлерді шешу жолындағы маңызды және құнды еңбектер қатарына қосылатыны сөсіз. Мұндай күрделі экспериментті Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясында орындауға болады. Станция теңіз деңгейінен 3400 м биіктікте, сейсмикалық белсенді ауданда орналасқан. Станция кең ауқымды атмосфералық нөсерді тіркеу үшін арнайы құрылған детекторлар жүйесімен жабдықталған. Жүйе 72 сцинтилляциялық детектордан тұрады және 1000 м2 ауданды қамтиды. Атмосфералық нөсер энергиясы жоғары мюондар қөзі болып табылады. Акустикалық сигналдарды анықтап, қатесіз тіркеу үшін айрықша сезімтал микрофонды датчик қолданылады. Датчик атмосфералық нөсердің осі өтетін жерге жақын, тереңдігі 50 м скважинаға орналастырылған. Сонымен қатар, ғарыш сәулесінің мюондық құраушысы туралы ақпарат арнайы құрылған жер асты нейтрондар детекторларының көмегімен өндіріледі. Нәтижесінде үздіксіз 6800 сағат уақытқа созылған эксперимент нәтижесінде ғарыш сәулесінің мюондық құраушысы мен акустикалық сигналдардың арасындағы корреляцияның бар екендігі анықталды.
