Күннің жарқ ету сигналдарын рекуррентік талдау
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh.2021.v76.i1.03Кілт сөздер:
Күн, дақтар тобы, жарқ ету, рентген сәулеленуі, бейсызық талдау, рекуррентік диаграммаАңдатпа
Бұл жұмыста рекурренттік диаграмма әдісімен Күннің жарқ етуінің пайда болған кезеңдеріндегі рентгендік сәулелену сигналдары егжей-тегжейлі зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде GOES-15 (Geostationary Operational Environmental Satellite) ғарыштық спутнигі алған λ = 0.1 ÷ 0.8 нм және λ = 0.05 ÷ 0.4 нм толқын ұзындығындағы рентген сәулесінің уақытша ағындары қолданылды. 2015-2020 жылдардағы Күн белсенділігінің оқиғаларын талдау кезінде 2015-2019 жылдар аралығында ең күшті Күннің жарқ етулері 2017 жылдың қыркүйек айында №2673 дақтар тобында болғандығы анықталды. Осы дақтар тобында 2017 жылдың 6 қыркүйегінде X9,3 классындағы Күннің жарқ етуінің пайда болған себептері егжей-тегжейлі талданды. Сонымен қатар Күннің жарқ етудің әр оқиғасы үшін уақыттық, сонымен қатар рекурренттік диаграммалар тұрғызылды. X, M және C классындағы Күннің жарқ ету оқиғаларының рекурренттік диаграммаларды талдау кезінде жұмсақ рентген сәулеленуі қатаң рентген сәулеленуіне қарағанда Күндегі процестер туралы көбірек ақпарат беретіні туралы толығымен анықталды. Қарастырып отырған Күннің жарқ ету кезіндегі жоғары энергиялы бейстационарлы біркелкі емес сигналдардың ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың уақыт қатарындағы өзгерістерді (кезеңділікті) рекурренттік диаграмма әдісі арқылы анықтау тиімді екені көрсетілді.
Түйін сөздер: Күн, дақтар тобы, жарқ ету, рентген сәулеленуі, бейсызық талдау, рекуррентік диаграмма
