28Si ядроларынан гелий нуклидтерінің шашырау процестері

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v79.i4.03

Кілт сөздер:

elastic and inelastic scattering, optical model, optical potential, coupled channel method

Аңдатпа

50.5 МэВ α-бөлшектері мен 60 МэВ 3He иондарының 28Si ядроларынан серпімді және серпімсіз шашырауы туралы эксперименттік мәліметтер ядроның стандартты оптикалық моделі шеңберінде талданды, онда серпімсіз арналардың әсері соқтығысатын ядролардың өзара әрекеттесу потенциалына феноменологиялық жорамал сіңіргіш бөлігін енгізу арқылы есептелді. Алынған ядролық өзара әрекеттесу потенциалының оңтайлы мәндері зерттелетін ядроның 1.78 және 4.61 МэВ қозған күйлерінен гелий иондарының серпімсіз шашырауына арналған қималарды зерттеу үшін пайдаланылды. Каналды байланыстыру әдісімен талдаудан, серпімді және серпімсіз арналарды ескере отырып есептеулер жүргізілді, α-бөлшектері үшін квадруполды деформация параметрінің мәні β2 = 0.37 және 3He иондары үшін β2 = 0.49 анықталды.

Жарияланды

2021-12-02

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>