ЖАРТЫЛАЙ ИОНДАЛҒАН СУТЕГІ ПЛАЗМАДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ШАШЫРАУЫНЫҢ ФАЗАЛЫҚ ЫҒЫСУЛАРЫ
Аңдатпа
Жартылай иондалған сутегі плазмадағы электрондардың шашырауының фазалық ығысулары зерттелген. Есеп бөлшектер арасындағы әрбір қашықтықтағы шашырауының фазалық ығысуларды анықтайтын Калоджеро теңдеуі арқылы шешілген. Бөлшектер әрекеттесу псевдопотенциалы ретінде өткендегі жартылай иондалған сутегі плазманың өзіндік үйлестірілген химиялық моделі қолданылған.
