Голографиялық дуальдік әдіспен сипатталған нөлдік дыбысы бар жүйеге геометриялық термодинамиканы қолдану

Авторлар

  • D.M. Zazulin Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-2115-6226
  • S.E. Кemelzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5469-3960
  • P.D. Ezau Б.П. Константинов атындағы Петербург ядролық физика институты, Россия, Гатчина қ. http://orcid.org/0000-0003-3542-499X

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2022.v82.i3.04

Кілт сөздер:

геометротермодинамика, Лежандр түрлендірулері, метрикалық тензор, скалярлық қисық, голографиялық екі жақтылық

Аңдатпа

Бұл ұсынылған жұмыста термодинамика геометриясы әдісі аясында голографиялық дуальдік әдіспен болжанған нөлдік дыбысы бар жүйенің тепе-теңдік күйдегі алуан түрлілігінің қасиеттері зерттелді. Лежандр түрлендірулеріне қатысты инвариантты нәтижелер алынды, яғни термодинамикалық потенциалды таңдауға тәуелсіз есептелінді. Осы қарастырылып отырған жүйе үшін тиісті метрикалар мен скалярлы қисықтар есептелініп, олардың қасиеттері сипатталды. Голографиялық тәсіл көмегімен біз осы жұмыста кванттық сұйықтықтың жаңа түрін табып және сұйықтықтың жылу сыйымдылығы төмен температурада қарастырдық. Бұл жұмыста төмен температурада алынған сұйықтықтың жылу сыйымдылығы шамамен ∼ Т6 температураға тәуелді екені көрсетілген. Термодинамикалық потенциал ретінде температура мен бариондық тығыздыққа байланысты энтропия алынды және де олардың 3-өлшемді графиктері тұрғызылды. Алынған графиктер арқылы ондаға термодинамикалық айнымалы скаляр қисықтары шексіздікке немесе нөлге ұмтылатыны көрінеді, бұл дегеніміз мүмкін болатын фазалық ауысуларды және сәйкесінше кванттық әсермен өзара ірекеттесудің мүмкін болатындығын көрсетеді. Бұл жағдайда метриканың екі нұсқасы да нөлдік дыбысы бар қаралған голографиялық жүйеде ықтимал фазалық ауысулар сызықтарының орналасуы туралы бірдей қорытындыға әкелетіндігі көрсетілген.

Жарияланды

2022-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Теориялық физика. Ядролық және бөлшектер физикасы. Астрофизика

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары