КҮН ОРБИТАСЫНДАҒЫ САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕНГЕН ЖҰЛДЫЗДЫ ШОҒЫРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ

Авторлар

  • M.T. Kalambay Fesenkov Astrophysical Institute, Almaty, Kazakhstan; Energetic Cosmos Laboratory, Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan; Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0002-0570-7270
  • A.Zh. Naurzbayeva Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan; Energetic Cosmos Laboratory, Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0001-6653-2948
  • A.B. Otebay Fesenkov Astrophysical Institute, Almaty, Kazakhstan; Energetic Cosmos Laboratory, Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0003-3041-547X
  • A.T. Abdinassilimm Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0002-2726-0879
  • D. Kuvatova Fesenkov Astrophysical Institute, Almaty, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0002-5937-4985
  • A.D. Assilkhan Daukeev Almaty University of Power Engineering and Telecommunication, Almaty, Kazakhstan; Energetic Cosmos Laboratory, Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0001-6428-2084
  • T. Panamarev Fesenkov Astrophysical Institute, Almaty, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0002-1090-4463
  • B.T. Shukirgaliyev Energetic Cosmos Laboratory, Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan;; Fesenkov Astrophysical Institute, Almaty, Kazakhstan; Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan http://orcid.org/0000-0002-4601-7065
  • P.P. Berczik Astronomisches Rechen-Institut, Zentrum für Astronomie, University of Heidelberg, Heidelberg, Germany; Konkoly Observatory, Research Centre for Astronomy and Earth Sciences, Eötvös Loránd Research Network (ELKH), MTA Centre of Excellence, Budapest, Hungary; Main Astronomical Observatory, National Academy of Sciences of Ukraine, Ukraine http://orcid.org/0000-0003-4176-152X

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v83.i4.01

Кілт сөздер:

Кілт сөздер: Жұлдызды шоғырлар, Галактикалық координаттар жүйесі, Экваторлық координаттар жүйесі, Сандық модельдеу.

Аңдатпа

Жоғары дәлдікпен өлшенетін, жұлдыздардың үлкен санына арналған астрометриялық және фотометриялық параметрлері бар Gaia DR2 каталогының пайда болуының арқасында, ғарыш пен Ғалам және соның ішінде, біздің Галактикадағы жұлдыз шоғырлар туралы деректер артуда. Дегенмен, Галактиканың тығыз өрісіндегі жұлдыздар фонының әсерінен бақылау кезінде шоғырлар жұлдыздары жоғалып кетеді. Сонымен қатар, нақты кластерлерді туғаннан ыдырағанға дейін зерттеу үшін тек бақылау деректері жеткіліксіз. Осыған байланысты процестерді түсіндіру және жұлдыздардың шоғырға мүшелігін анықтау үшін жұлдыз шоғырларының бірқатар сандық модельдеулері жүргізіледі. Ал ол үшін жасалған кластерлерді ойша бақылау жүргізу керек. Бұл мақалада біз сандық модельдеу нәтижелерін талдадық және модельдік кластерлердің аспан сферасында ойша бақылау әдісін әзірледік.

Біз жасы 350 миллион жыл, массасы 6000  және жұлдыз түзілу тиімділігі SFE=0.25 болатын бір жұлдыз шоғырының үлгісін алып, оны әртүрлі галактикалық бойлықта және Күннен әртүрлі қашықтықта орналастырдық. Қорытындылай келе, бұл әдісті қолдана отырып, біз кластерді аспан сферасының кез келген нүктесіне орналастыра аламыз және бұл өз кезегінде нақты бақыланатын кластерлермен салыстыруға және олардағы физикалық параметрлерді бағалауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2022-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары