B[e] типті қосарланған жұлдыздардың қасиеттерін бейсызық фрактал заңдылықтары арқылы сипаттау

Авторлар

  • A.Zh. Akniyazova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9185-3185
  • Z.Zh. Zhanabaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5959-2707
  • A. Bakytkyzy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0009-0006-9989-5255

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh.2023.v85.i2.03

Кілт сөздер:

Қос жұлдыз, бейсызық фрактал, жұлдыздардың B[e] классификациясы, қуат спектрі

Аңдатпа

Қос жұлдыздар табиғатта өте кең таралған, сондықтан оларды зерттеу жұлдыздардың табиғатын түсіндіру үшін де, жұлдыздардың пайда болуы мен эволюциясын зерттеу үшін де өте маңызды болып келеді. Қос жұлдыздар – гравитациялық күш арқылы бір жүйеге біріккен жұлдыздар. Бұндай жүйелердің компоненттері ортақ масса центрінің айналасындағы орбиталарын айналып жүреді. Өлшемдері мен кеңістіктегі орбиталарының орналасуына және бізден қашықтығына байланысты қос жұлдыздарды әр түрлі әдістермен зерттейді. Соңғы жылдары қосарланған жұлдыздардың физикалық қасиеттері мен параметрлерін түсіндіру үшін B[e] типті жұлдыздарды зерттеу өте кең қызығушылық тудыруда. Сондықтан бұл жұмыста зерттеу нысаны ретінде B[e] типті қос жұлдыздар (3Pup, MWC728, MWC645, BD+23 3183) таңдап алынды. Астрономия саласындағы обьектілердің физикалық қасиеттерінің әртүрлілігі және өлшемдірінің өз мәніне бейсызық тәуелді болуы фракталдық талдауды қажет етеді. Сол себепті қос жұлдыздар иерархиялы бейсызық фрактал заңдылықтары көмегімен зерттелді. Қос жұлдыздар қасиеттерін сипаттау үшін әмбебап физикалық модель құрылып, қосарланған жұлдыздардың эволюциясын зерттеу үшін иерархиялы бейсызық фрактал теңдеуі ұсынылды. Теориялық есептеулерден және бақылау мәліметтерінен негізгі және қосалқы жұлдыздардың қуат спектрлерінің қатынастары анықталды. Бейсызық фрактал заңдылықтарының көмегімен алынған теориялық мәліметтер бақылау мәліметтерін сипаттауға болатындығы көрсетілді. Жұлдыздардың фракталдық құрылымын қуат спектрі заңдылықтарымен сипаттауға болатыны анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-14

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары