НАНОҚҰРЫЛЫМДЫ ПОЛИМИД НЕГІЗІНДЕГІ ПОЛИМЕРЛІК КОМПОЗИЦИЯЛАРДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР

Авторлар

  • N. A. Voronova НИИЭТФ, Казахский национальный университет им. аль – Фараби
  • B. G. Taipova Казахский национальный педагогический университет им. Абая
  • R. M. Iskakov Институт химических наук им. Бектурова
  • A. D. Muradov
  • A. S. Drobyshev
  • A. I. Kupchishin

Кілт сөздер:

полимерныe композиции, полимерлік композиция

Аңдатпа

Бұл жұмыста электрондармен сәулеленген полимид және монтмориллонит негізіндегі наноқұрылымды полимерлік композицияның физика-механикалық қасиеттері зерттелді.

Қалыңдығы d = 35 мкм полимид үлдірлері және оның монтморилонитпен гомогенді копозицияланған 1) ПИ:ММ = 99,75%:0,25% (d = 80 мкм), 2)  ПИ:ММ = 99,5%:0,5% (d = 90 мкм), 3) ПИ:ММ = 99%:1% (d = 70 мкм) зерттелді. Полимерлі композициялар полимидті лак және монтмориллонит ерітіндісі негізінде алынған болатын.

Үлгілер ЭЛУ-6 сызықтық үдеткіште 25 оС ашық ауада арнайы ұстауышта энергиясы 2 МэВ орташа тығыздықты ток шоғы 0,5 мкА/см2 және импульс ұзақтығы 5 мкс қайталану жиілігі 200 Гц-те сәулеленді.

Жұту өлшемі 50, 100, 250 кГр құрады. Жұмыс бөлігінің ұзындығы 50 мм және ені 5 мм үлгілер автоматтандырылған тәжірибелік компьютерлі құрылғыда үзілуге дейін бірості режимде деформацияланды. Сынақ 20 ± 2оС температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 45 ± 5%, қармаулардың ажырау жылдамдығы 36,09 ± 0,05 мм/мин. жүргізілді. Өлшеуішпен байланысқан қармаулардың жылжуы 0,1 мм асқан жоқ.

Жүктеулер

Жарияланды

2009-11-06

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары