Бөлшектер өлшемінің кешенді плазмадағы соқтығысу процесстеріне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh20259217Кілт сөздер:
кешенді плазма, кешенді плазма, тозаңды бөлшектер, тозаңды бөлшектер, соқтығысу процестері, соқтығысу процестері, импульсті тасымалдау қимасы, импульсті тасымалдау қимасы, иондық қарпу күші, иондық қарпу күшіАңдатпа
Модификацияланған Юкава потенциалы негізінде тозаңды бөлшектердің өлшемдерін ескере отырып, иондардың тозаңды бөлшектермен соқтығысу процестері зерттелді. Радиустары әртүрлі зарядталған тозаңды бөлшектердің өрісінде ионның шашырауы мен жұтылуы қарастырылды. Шашырату және жұтылу қималары байланыс параметрлерінің кең ауқымында алынды. Тозаңды бөлшектердің әртүрлі радиустары үшін иондық қарпу күшінің орбиталық және коллекторлық бөліктері алынды. Тозаңды бөлшектердің радиусын ескеру импульсті тасымалдау қимасының да, иондық қарпу күшінің де жеткілікті өзгеруіне әкелді. Анықталғандай, тозаңды бөлшектерінің өлшемін ескеру иондардың шашырауынан болатын күштің төмендеуіне және керісінше иондардың жұтылуынан болатын күштің жоғарылауына әкеледі. Бұл жұмыстың нәтижелері толқындық процестерді, войдтың пайда болуын және басқа да ұжымдық процестерді зерттеуде пайдалы болуы мүмкін.









