Алматы ЖЭО-2-нің БКЗ-420 жану камерасындағы шаң көмірлі алаудың жануын компьютерлік модельдеу
Кілт сөздер:
Турбуленттік жану, Отын, Алау, Жану камерасы, Ағыс аэродинамикасыАңдатпа
Берілген мақала атқаратын жылу электр станциясының өндірістік қазандықтарының жану камерасында қатты отынды тозаңды түрінде жағу кезінде орын алатын жылумассатасымалдау процестерін зерттеуге арналған. Әрі зерттеу мәселесінің физика-математикалық, химиялық модельдерімен қатар алға қойылған есептің алгоритмі және сандық әдісі жасақталған. Алматы ЖЭО 2-нің БКЗ-420 қазандығының техникалық сипаттамаларын ескере отырып жану қазандығының геометриялық моделі зерттелген. Сонымен қатар Навье-Стокстың үш өлшемді теңдеулерінің, химиялық реакциялардың кинетикасы ескеріліп жылу мен масса тасымалданудың, турбуленттілік пен ортаның көпфазалылығы, конвективті және радиациялық жылуалмасу теңдеулері негізінде камераның барлық көлемі бойында, әрі оның негізгі көлденең бойлық қималарында сондай-ақ шығыс аймағында ағыстардың аэродинамикалық, жылулық және концентрациялық сипаттамалары анықталды. Жану қазандығының құрылымдық және геометриялық параметрлерінің жылу масса тасымалы процесіне әсері зерттеліп, күлділігі жоғары Екібастұз көмірін БКЗ-420 жану қазандығында тиімді жағу әдісі ұсынылған.Жүктеулер
Жарияланды
2015-04-16
Журналдың саны
Бөлім
Thermal Physics and Theoretical Thermal Engineering
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Алматы ЖЭО-2-нің БКЗ-420 жану камерасындағы шаң көмірлі алаудың жануын компьютерлік модельдеу. (2015). Хабаршы. Физика сериясы, 2015(1), 12-20. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/345
