Алматы ЖЭО-2-нің БКЗ-420 жану камерасындағы шаң көмірлі алаудың жануын компьютерлік модельдеу

Авторы

  • А. С. Аскарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С. А. Болегенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Бекмухамет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Г. К. Мукашева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж. Бердавлетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        55 32

Ключевые слова:

Турбуленттік жану, Отын, Алау, Жану камерасы, Ағыс аэродинамикасы

Аннотация

Берілген мақала атқаратын жылу электр станциясының өндірістік қазандықтарының жану камерасында қатты отынды тозаңды түрінде жағу кезінде орын алатын жылумассатасымалдау процестерін зерттеуге арналған. Әрі зерттеу мәселесінің физика-математикалық, химиялық модельдерімен қатар алға қойылған есептің алгоритмі және сандық әдісі жасақталған. Алматы ЖЭО 2-нің БКЗ-420 қазандығының техникалық сипаттамаларын ескере отырып жану қазандығының геометриялық моделі зерттелген. Сонымен қатар Навье-Стокстың үш өлшемді теңдеулерінің, химиялық реакциялардың кинетикасы ескеріліп жылу мен масса тасымалданудың, турбуленттілік пен ортаның көпфазалылығы, конвективті және радиациялық жылуалмасу теңдеулері негізінде камераның барлық көлемі бойында, әрі оның негізгі көлденең бойлық қималарында сондай-ақ шығыс аймағында ағыстардың аэродинамикалық, жылулық және концентрациялық сипаттамалары анықталды. Жану қазандығының құрылымдық және геометриялық параметрлерінің жылу масса тасымалы процесіне әсері зерттеліп, күлділігі жоғары Екібастұз көмірін БКЗ-420 жану қазандығында тиімді жағу әдісі ұсынылған.

Библиографические ссылки

1. Aliyarov B.K., Aliyarova M.B. Szhiganiye kazakhstanskikh ugley na TES i na krupnyk hkotel’nykh. - Almyty, 2012. -130s.

2. Yun A.A., Krylov B.A. Raschet i modelirovaniye turbulentnykh techeniy s teploobmenom, smesheniyem, khimicheskimi reaktsiyami i dvukhfaznykh techeniy v programmnom komplekse Fastest-3D: Uchebnoye posobiye. - M.: Izd-vo MAI, 2007. – 116 s.

3. Askarova A., Bolegenova S., Gabitova Z., Bekmukhamet A., Ospanova Sh., Beketaeva M., Ergalieva A., Thermal characteristics at combustion of solid pulverized coal fuel in the furnace chamber of TPP// Materials of IV «Science, Technology and Higher Education» Conference, January 2014, Westwood, Canada 2014, -P. 323-330.

Загрузки

Как цитировать

Аскарова, А. С., Болегенова, С. А., Бекмухамет, А., Мукашева, Г. К., & Бердавлетова, Ж. (2015). Алматы ЖЭО-2-нің БКЗ-420 жану камерасындағы шаң көмірлі алаудың жануын компьютерлік модельдеу. Вестник. Серия Физическая (ВКФ), 52(1), 12–20. извлечено от https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/345

Выпуск

Раздел

Теплофизика и теоретическая теплотехника

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)