Серпинский үшбұрышына негізделген фракталдық антеннаны сымсыз байланыс технологияларында қолдануды зерттеу

Авторлар

  • Ә. Ә. Темірбаев Әл-Фараби ат. Қазақ ұлтық университеті
  • А. К. Иманбаева Әл-Фараби ат. Қазақ ұлтық университеті
  • С. Капурнова Әл-Фараби ат. Қазақ ұлтық университеті
  • Д. Оралбаева Әл-Фараби ат. Қазақ ұлтық университеті

Кілт сөздер:

Фракталдық антенна, Серпинский фракталы, Бағытталу диаграммасы, Wi-Fi

Аңдатпа

Қазіргі таңда көпдиапазонды және аса кең жолақты антенналардың дамуының негізгі беталысы фракталдық пішіндерді қолдануға негізделген. Себебі фракталдық пішін антенна алатын кеңістікті дәстүрлі антеннамен салыстырғанда тиімдірек әдіспен толтыра алады. Бұл шешім антенна өлшемдерін сақтай отырып, энергияны тиімді жіберуге алып келеді. Бұл жұмыста Серпинский фракталына негізделіп жасалған фракталдық антенна және оның модификацияланған түрі жасалынды, фракталдық антенна Ansoft HFSS программалық пакетінде алдын ала модельденді. Фракталдық антеннаның дәстүрлі бұдырлы антеннадан артықшылықтары анықталды. Атап айтқанда, мәлімет жіберу жылдамдығы, мәліметтерді тарату қашықтығы сияқты сипаттамалары жағынан фракталдық антенналар өздерінің бәсекелі екендігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-06-10

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары