Күннің рентгендік сәулелену сигналдарын талдауда рекуренттік диаграмма әдісін қолдану

Авторлар

  • N.Zh. Alimgazinova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A.Zh. Naurzbaeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A.B. Manapbaeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • S.B. Ikramova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • M.B. Kurmangazina Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A.D. Kenzhegaraeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • K. Adilzhan Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

рентгендік сәулелену, бейсызық талдау, рекурренттік диаграмма, топология, текстура, рекурренттілік өлшем

Аңдатпа

Жұмыста Күннің рентгендік сәулелену сигналы үшін диссипативті динамикалық жүйенің іргелі қасиетіне негізделген – рекуренттілік негізіндегі уақыттық қатарларды талдау әдісі көрсетілген. жұмыста Күннің рентгендік сәулелену сигналы үшін диссипативті динамикалық жүйенің іргелі қасиетіне негізделген – рекуренттілік негізіндегі уақыттық қатарларды талдау әдісі көрсетілген. Рекуренттік диаграмма әдісі жүйенің даму сипатына жауап беретін, негізгі құрылым қатарын анықтауға мүмкіндік беретін графикалық құрал болып табылады. Зерттеу объектісі GEOS-15 ғарыштық аппаратымен тіркелген күннің рентгендік сәулелену мәліметтері болып табылды. Зерттеу нәтижесінде рекуренттік диаграмма әдісі тұрақты және бірқалыпты емес уақыт қатарындағы өзгерісті (периодтылықты) анықтайды және ерекшелікті дәл табады. Рекуренттік диаграмма бойынша жұмсақ рентгендік сәулелену қатты рентгендік сәулеленуге қарағанда Күнде болып жатқан процесстер жайлы көп ақпарат береді. 2017 жылы рентгендік сәулелену мәні өткен жылдармен салыстырғанда азаятыны көрсетілді. Рекуренттілік өлшем диаграммасын талдау өткен жылдармен салыстырғанда 2017 жылы рекуренттілік өлшемі мәндерінде күрт өзгерістер байқалмайтынын анықтады. Бұл уақыт аралығында қуатты жарылғыш процесстер байқалмады. Сигналдардың тұрғызылған рекуренттік диаграммасынан рентгендік сәулеленудің әркелкі уақыттық қатарындағы стационарлы емес ерекшеліктері мен периодтылығы анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары