Тепловая эрозия графитовой мишени под воздействием интенсивного импульсного плазменного потока

Авторлар

  • A.U. Utegenov НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы
  • A.B. Tazhen НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы
  • ZH. Rayymkhanov НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы
  • A.A. Kambarov НИИЭТФ, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы

Кілт сөздер:

импульсный плазменный ускоритель, ТЯЭР, кандидатный материал

Аңдатпа

Бұл жұмыста ТЯЭР бірінші реттік қабырғасына кандидат материал – графит пластиналарының импульсті плазма ағынымен əсерлесуінің эксперименттік зерттеу нəтижелері көрсетілген. Импульстік плазма ағынын алу үшін және де плазмалық белдеудің үзіліп, қабырғамен әсерлесу процессін тәжірибеде имитациялау және эксперименттік модельдеу мақсатында бұл жұмыста импульстік плазмалық үдеткіш эксперименттік қондырғысы қолданылды. Графит пластиналардың беткі қабаты импульстік плазмалық ағынның 25 импульсімен сәулелендірілді. Электрондық күштік микроскоп әдісінің негізінде 5 кВ жəне 11 кВ кернеу шамаларында импульстік плазма ағынымен əсерлескеннен кейінгі графит үлгілерінің СЭМ бейнелері алынды. Бұл жұмыста алынған үлгілердің Раман спектрлері көрсетілген, олардың бетіне оптикалық диагностика зерттеу жұмыстары жасалды. Раман спектрлерінің нәтижелерінің көрсетуі бойынша екі жұмыс режимінде де үлгілер құрылымдық өзгерістерге ұшырағандығы анықталды. Тәжірибе барысында сонымен қатар графит пластиналарының беткі қабаты мыс материалынан тұратын пленкалармен қапталатындығы белгілі болды, ол ең алдымен доғалық разрядтың екі электродтар арасында жанғаннан кейін олардың тозаңдануымен және пайда болған мыс молекулаларының пластина бетіне отыруымен тікелей байланысты. Барлық алынған нəтижелер толығымен зерттелді, ТЯЭР нəтижелермен салыстырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары