Оқу процессін қарқындатудың бір тәсілі ретінде білім беру кеңістігін виртуалдандыру
Кілт сөздер:
Информационно-коммуникационные технологии, виртуальная среда, электронное обучение, мультимедийная технология, интерактивное обучениеАңдатпа
Әлемдік білім беру кеңістігінің басым бағыттарының бірі- цифрлық оқыту революциясының дамуы болып табылады. Сандық революция оқытуды айқындайтын цифрлық технологияларды қолданып, білім беру ортасындағы құралдарды кеңейтуге және түрлендіруге алып келеді. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру ортасында виртуализация феномені пайда болғанын айтуға болады. Оқу үрдісінде білім алушы пен оқытушы арасындағы өзара байланыс маңызды, әсіресе таным сапасын тереңдетіп күшейту, ынталандыру үшін. Мықты виртуалды білім беру ортасымен бірлескен іс-әрекет оқу сапасы мен тиімділігін арттырудағы маңызды фактордың бірі. Бұл ретте пайдаланылатын виртуалды құралдар мен бағдарламалық өнімдер —электрондық білім берудегі маңызды интерактивті элементтер, әсіресе жаратылыстану ғылыми пәндерді оқытуда маңызды. Мақаладағы зерттеу нысаны білім алушылардың оқу қызметі мен қалыптастырылған виртуалды білім беру кеңістігінің динамикалық өзара байланысы, жылдам жетілдірілген, көпдеңгейлі оқу және көпфункционалды жүйені біріктіретін әдістемелік-педагогикалық технологиялар, ақпараттық ресурстар мен қазіргі заманғы бағдарламалық құралдар. Виртуалды орта білім алушының оқуда жеке материалды оқу, меңгеру қарқынын ғана емес материалды зерделеу және қабылдау типтерін дарландыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды. Білім беру кеңістігін виртуалдандыру білім алушылардың Internete желісінен зерттеу материалдарын өз бетінше іздеуге, проблемалық сұрақтарға жауап табуға көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.
