Азот матрицасындағы мөлшерлері әртүрлі ауыр су криоконденсаттарының ИҚ-спектрлері
Ключевые слова:
Изотоптық қоспа, Криоматрица, Ауыр су, ИҚ- спектр, Криокристалл, Лазерлік интерферометрАннотация
Осы жұмыста қалыңдықтары молекулалардың тербелмелі толқын ұзындықтарына шамалас, азот криоматрицасындағы судың изотоптық қоспасының (Н2О, HDO, D2O) криовакуумдық конденсаттарының жұқа үлдірлеріне классикалық зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер мәселесі Н2О, HDO, D2O молекулаларының сипаттамалы тербеліс жиіліктері диапазонындағы азот криоматрицасындағы ауыр су мөлшері өзгерісінің төсетек-үлдір жүйесінің шағылу қабілетіне әсерін зерттеу болып табылады. Судың изотоптық қоспасының концентрациялары масс-спектрометр көмегімен зерттелді. Алынған нәтижелердің есебі бойынша қоспадағы компоненталардың мөлшерлері келесі түрде болды – Н2О(10), HDO(50), D2O(40). Өлшеу барысындағы жіберілген қателіктер 3-5-дан аспайды. Әрі қарай «ауыр су» деп осы изотоптық қоспаны айтамыз.Загрузки
Опубликован
15.08.2015
Выпуск
Раздел
Теплофизика и теоретическая теплотехника
Как цитировать
Азот матрицасындағы мөлшерлері әртүрлі ауыр су криоконденсаттарының ИҚ-спектрлері. (2015). Recent Contributions to Physics, 2015(2), 18-25. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/367
