Гетероөткелді кремнийлі күн элементтерінің баға факторлары мен операциондық шығыс сипаттамасының өтелу мерзіміне байланысты әсерін зерттеу
Ключевые слова:
HIT, фотоэлектрлі түрлендіргіш (ФЭТ), Afors-hetАннотация
Бұл мақалада қазіргі уақыттағы шығыс сипаттамалары рекордтық көрсеткішке ие кремний негізіндегі, күшейткішсіз күн элементтері – HIT құрылымды фотоэлементінің модельдеу нәтижелері көрсетілді. Фотоэлектрлі түрлендіргіштер үшін қолданылатын кремнийлі төсеніштерге, нарықтық экономикалық тұрғыдан сараптамалар жүргізілді. Сараптама нәтижесінде таңдап алынған марканың n – типті өткізгіштікке ие кремнийлі пластиналардың қалыңдығына байланысты күн элементінің жұмыс істеу тиімділігі мен сапа құнының арасындағы өзара корреляциясы зерттеліп, күн элементтерін сандық үлгілеуге арналған Afors-het бағдарламасында оңтайландыру жүргізілді. Сонымен қатар, болашақта пайдаланылатын кремний пластинасының әр түрлі диапазондық қалыңдығы бойынша жүргізілген сараптамалауда, күн элементтерінің өтелу мерзімі анықталынды. Күн элементінің өтелу мерзімі фотоэлектрлі түрлендіргіштерді құрайтын материалдардың нарықтағы сапа құнымен, оның операционды шығыс сипаттамаларының өзара байланыстылығымен анықталатындығы көрсетілді.
