Күрделі құрамды тозаңды плазма бөлшектерінің спектрлік функциясын зерттеу
Ключевые слова:
тозаңды плазма, жылдамдықтардың автокорреляциялық функциясы, спектрлік функцияАннотация
Жұмыста тозаңды бөлшек жылдамдықтарының автокорреляциялық функциясын Фурье түрлендіру арқылы тербеліс спектрлерін теориялық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Осы мақсатта тозаңды плазма бөлшектерінің қозғалыс теңдеуін шешу үшін Ланжевендік динамика әдісі қолданылды. Юкава потенциалы бөлшектердің өзара әсерлесу потенциалы ретінде қолданылды. Спектрлік функцияның нақты және жорамал бөлігі байланыс параметрінің үлкен мәндері мен үйкеліс коэффициентінің кіші мәндері кезінде тозаңды бөлшектердің плазма жиіліктер мәнінің максимумына сәйкес келетіндігі көрсетілген.
