Сыртқы магнит өрісіндегі тозаңды плазманың қасиеттерін зерттеуге арналған автоматталған комплекс
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/RCPh-2019-i3-5Кілт сөздер:
пылевая плазма, магнитное поле, молекулярная динамикаАңдатпа
Жұмыста магнитті белсенді плазманың физикалық қасиеттерін модельдеу және зерттеу
бойынша компьютерлік программалардың құрастырылған автоматты комплексі қарастырылады.
Сыртқы біртекті магнит өрісінің әсерін ескеруімен молекулалық динамика негізінде жүйенің
компьютерлік модельдеуі өткізілді. Жүйенің бөлшектері бір-бірімен Юкава потенциалының
көмегімен әрекеттеседі. Комплекс нысанға бағытталған Borland Delphi7 программалау ортасында
құрастырылды және қосымша компоненттердің көмегімен құрылды. Ол сыртқы магнит
өрісіндегі тозаңды плазманың құрылымдық және динамикалық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік
беретін қосымша программалардан тұрады. Комплекс компьютерлік жүйенің тұтынушы-адам
және программды-аппаратты компоненттер арасында мүмкіндігінше ақпаратты беруді қамта-
масыз етеді. Интерфейс барынша тұтынушыға жақындатылған және тұтынушы программаның
орындалуы барысында барлығын толықтай басқарады. Интерфейсті тұтынушыға жақындату
мақсатында күнделікті терминология, қолданушы нақты жұмысына келтіру, интерфейстің
айқындылығы қолданылды. Автоматтық комплексті қолдану арқылы есептеулерді жүргізу
барысында жүйенің параметрлерін өзгертуге, алынған нәтижелердің сызбасын сызуға,
программаны тоқтатып және программадан шығуға мүмкіндік береді. Осы комплекстің негізінде
«Magnetized Dusty Plasma» авторлық құқығы алынды.
