КВАНТТЫҚ НҮКТЕДЕГІ ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ СПИН-ОРБИТАЛЫҚ ӘСЕРЛЕСУІ

Авторлар

  • M. Dineykhan Әл-Фараби атындағы КазҰУ
  • S. Zhaugasheva Al-Farabi Kazakh National University, Kazakstan, Almaty
  • O. Imambekov Al-Farabi Kazakh National University, Kazakstan, Almaty
  • Sh. Sarsembinov Al-Farabi Kazakh National University, Kazakstan, Almaty

Аңдатпа

Электрондарды кванттық нүктеде ноқталаудың нанокристаллдың әрбір қабатының әсерін ескеретін баламалы әдісі ұсынылған. Нанокристаллдың көпқабатты құрылымын ескеру электрондар арасындағы қосымша әсерлесуге алып келеді. Осы әсерлесудің сипаты анықталған. Электрондардың өзара қашықтығы мардымсыз аз болғанда ол парабола түрінде екен. Осы парабола жиілігінің қабаттардың диэлектрлік өтімділігінен тәуелділігі зерттелген. Кванттық нүктедегі электрондардың спин-орбиталық әсерлесуі адронның релятивті емес потенциалдық моделіндегі кварктардың әсерлесуіне ұқсас деп жорамалданған. Осы жорамал негізінде электрондардың кванттық нүктедегі спин-орбиталық әсерлесуі анықталған. Спин-орбиталық әсерлесудің байланыс тұрақтысының бейнелеу заряды мен кванттық нүктенің тиімді өлшемінен тәуелділігі зерттелген.

Жарияланды

2008-10-26

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары