БЕЙСЫЗЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ МӘСЕЛЕСІНЕ
Аңдатпа
Бейсызық әр типті сипаттамалары бар механикалық жүйелер қозғалысының орнықтылығы қарастырылды. Бейсызық жүйелердің динамикалық орнықтылығын Ляпунов бойынша зерттеу әдістемесі ұсынылды. Бұл әдістеме бойынша жүйенің ұйтқыған күйінің теңдеуін Хилл типіндегі параметрлік теңдеуі арқылы беріліп, одан кейін Флоке әдісімен сипаттаушы анықтағышы табылды.
