Ауыр иондармен сәулелену кезінде AlN керамикасының механикалық және жылу өткізгіштік қасиеттерінің өзгеруін зерттеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v80.i1.05

Кілт сөздер:

nitride ceramics, radiation defects, strength, thermal conductivity, degradation

Аңдатпа

Бұл жұмыста энергиясы 70, 150 және 230 МэВ сәйкесінше ауыр Ar8+, Kr15+ және Xe22+ иондарымен сәулеленудің механикалық қасиеттердің тұрақтылығына, атап айтқанда қаттылық пен тозуға төзімділігіне, және де сәулелену флюенциясына байланысты жылу өткізгіштігіне әсерін эксперименттік зерттеу нәтижелері берілген. Бұл зерттеу тақырыбына қызығушылық нитридті керамиканың ядролық және термоядролық энергияға арналған құрылымдық материалдардың негізі ретінде иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған, атап айтқанда, уранның бөлінуінің бөлшектері – фрагменттері ретінде пайдаланудың кең келешегімен түсіндіріледі. Ұзақ уақыт радиациялық әсер ету кезінде қаттылық, жарықшақтарға төзімділік, тозуға төзімділік және жылу өткізгіштік сияқты көрсеткіштердің тұрақтылығы мен өзгермейтіндігін сақтау – бұл құрылымдық материалдардың жаңа түрлеріне қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Біздің жүргізілген тәжірибе барысында беріктік, механикалық және жылу өткізгіштік қасиеттерінің өзгеруінің дозаға тәуелділіктері алынды. Жылу өткізгіштіктің төмендеуі түскен иондардың энергиясына да, сәулелену дозасына да айқын тәуелді болатыны анықталды. Алынған тәуелділіктер кейінірек дәстүрлі материалдарды жаңа сыныптармен, соның ішінде керамика немесе композиттік құрылымдармен ауыстыру жоспарланатын атом электр станцияларын болжау және жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Жарияланды

2022-03-03

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары