K1→Kρ(ω) ыдырауы үшін киральды лагранжиандар
DOI:
10.26577/RCPh.2023.v84.i1.03Кілт сөздер:
физика легких мезонов, распады мезонов, феноменология КХДАңдатпа
1NC жуықтауы бойынша жетекші дәрежеде K1Kω байланыс шыңын сипаттайтын үшбұрышты аксиал векторлы, векторлы және псевдоскалярлы мезондар қатысатын кваркты диаграмма қарастырылған. Алынған байланыс шыңының τ-лептонның Kω және Kφ адрондық ыдырауына қолданылуы талқыланады. Кварк диаграммалар негізгі және бірінші радиалды қозған күйдегі скалярлы, псевдоскалярлы, векторлы және аксиал-векторлы төрт мезондық нонеттердің әсерлесуін сипаттайтын SU(3) симметриялы киральды лагранждықтардың көмегімен есептелінді. K1(1270)→K[ω,ρ] ыдыраулары үшін интегралды ыдырау ендері есептелінген және нәтижелер BEPC II және KEK коллайдерлерінде алынған BES-III және Belle коллаборацияларының мәліметтерімен сәйкес келеді. JPC=1++ кванттық сандары бар K1A аралық мезоны бар аксиал-векторлық арна τ→K[ω,ρ]ντ мезон ыдырауларының ендерін сипаттауда басым рөл атқаратыны көрсетілген. τ-лептондық ыдырауларда контакт және K1A аксиал-векторлық мезоны бар арналар есепке алынған. Олардың біріншісі мезон жұбын тудыратын аралық W- бозонмен байланысты. Екінші арна аралық аксиал-векторлы мезонға өтетін W- бозонмен және Kω және Kφ жұптарының түзілуімен байланысты. Аталған екі арнаны бір-бірінен тәуелсіз қарастыру біз қарастыратын процестерді толығырақ зерттеуге мүмкіндік береді. 3P1 және 1P1 нонеттерінің аксиал-векторлық мезондардың араласуы салдарынан K1A аксиал-векторлы күйінің екі физикалық мезонға K1(1270) және K1(1400) бөлінуі ескерілген. Контактілі арнаның аксиал-векторлы арнамен теріс интерференциясы анықталған. τ→K[ω,ρ]ντ ыдырауларының интегралдық ендерінің K1A және K1B аксиал-векторлы мезондарының араласу бұрышының мәніне тәуелділігі зерттелген. Нәтижелерді тәжірибелік деректермен және басқа авторлардың теориялық бағалауларымен салыстырмалы талдау жүргізілген. Алынған теориялық болжамдар тәжірибелік мәліметтермен қанағаттанарлық дәрежеде сәйкес келеді.
